САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венесуэла Колумбиядан әскери қолдау сұрады
Венесуэла президенті Колумбиядан әскери қолдау сұрады.
Венесуэла Колумбиядан әскери қолдау сұрады
Венесуэла Колумбиядан әскери қолдау сұрады / Reuters
 

АҚШ-пен арадағы шиеленістің ұшығуына байланысты Венесуэла президенті Николас Мадуро сәрсенбі күні Колумбиядағы саяси көшбасшыларға, елдегі қоғамдық топтарға және қарулы күштерге шұғыл үндеу жасап, әскери ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Қолдаушыларына сөйлеген сөзінде Мадуро аймақтық «бірлік» бейбітшілік пен егемендіктің ең мықты кепілі екенін атап өтіп, сыртқы араласуға жол бермеу үшін Колумбия армиясын Венесуэламен одақ құруға шақырды.

Сейсенбі күні Трамптың Мадуро үкіметін «Шетелдік террористік ұйым» ретінде жариялаймыз деп қорқытуы шиеленісті одан әрі күшейтті.

Каракас пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас соңғы айларда санкциялар, теңіз кемелерінің тәркіленуі және барған сайын қатаңдай түскен риторика салдарынан тұрақты түрде нашарлап келеді.

Мадуроның Колумбияға жасаған бұл үндеуі дипломатиялық және әскери шиеленіс жалғасып жатқан тұста аймақтық одақтастарды біріктіруге бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Венесуэла АҚШ-тың «толық мұнай блокадасын» айыптады
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»