САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Газа бейбіт келісімінен кейін Кнессетте сөз сөйлеуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп израильдіктер мақұлдаған жағдайда Израиль Парламенті Кнессетте сөз сөйлейтінін мәлімдеді. Трамп Газа келісімін бүкіл әлем қалаған келісім деп атады.
Трамп Газа бейбіт келісімінен кейін Кнессетте сөз сөйлеуі мүмкін
Трамп бұған дейін Газа келісіміне байланысты жуырда Мысырға баруы мүмкін екенін айтқан болатын. / AA Archive

АҚШ президенті Дональд Трамптың Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымы арасындағы бітім келісімінен кейін «алдағы күндері» Израильге барып, Кнессетте сөз сөйлеуі мүмкін екені хабарланды.

Трамп сәрсенбі күні “Axios” журналисі Барак Равидке берген сұхбатында: «Менен Кнессетте сөз сөйлеуімді сұрап отыр. Егер қаласа, мұны міндетті түрде жасаймын», – деді.

Трамп Нетаньяхуымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін: «Бұл Израиль мен әлем үшін керемет күн. Бибимен әңгімем тамаша өтті. Ол өте қуанышты. Солай болуы да керек. Бұл – үлкен жетістік. Дұшпан елдерімен бірге бүкіл әлем осы келісімге қол жеткізу үшін бірікті», – деп қосты.

Трамп Иранның да ХАМАС пен Израиль арасындағы келісімнен кейін кеңірек бейбіт жоспардың бөлігі болатынына сенетінін айтты.

Трамп сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Израиль мен ХАМАС АҚШ ұсынған Газа келісімінің алғашқы кезеңін қабылдағанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС пен Израиль бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдады

Барлық тарап «әділ түрде» қарастырылады

АҚШ президенті: «Барлық тұтқын жақын арада босатылады. Израиль де өз әскерін күшті, тұрақты және мәңгілік бейбітшілікке жасалған алғашқы қадам ретінде келісілген шепке қайтарады», – деп, барлық тарап «әділ түрде» қарастырылатынын атап өтті.

Трамп сондай-ақ сәрсенбі күні журналистерге осы аптада Мысырға баруы мүмкін екенін хабарлады.

Ақ Үй Трамптың жұма күні Мэриленд штаты, Бетезда қаласындағы Уолтер Рид әскери госпиталіне сапарынан кейін аймақтық сапарға шығуды ойлап отырғанын растады.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты