ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Таяу Шығыстағы кейбір елдерге ұшу тыйымының мерзімін созды
Анкара аймақтық әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Иран, Ирак, Сирия, Ливан және Иорданияға рейстерді тоқтата тұру мерзімін 9 наурызға дейін созды.
Түркия Таяу Шығыстағы кейбір елдерге ұшу тыйымының мерзімін созды
Түркия Таяу Шығыстағы кейбір елдерге ұшу тыйымының мерзімін созды / Reuters

Түркия Республикасының Көлік министрі Иран мен АҚШ және Израиль арасындағы жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты артқан қауіпсіздік тәуекелдеріне орай Таяу Шығыстағы кейбір бағыттарға рейстердің 9 наурызға дейін тоқтатылғанын жариялады.

Абдулкадир Уралоғлы жұма күні Түркияның “NSosyal” әлеуметтік медиа платформасында жасаған мәлімдемесінде ресми органдардың аймақтық әуе кеңістігіндегі өзгерістерді жіті қадағалап отырғанын атап өтті. Ол Иран, Израиль, Ирак, Катар, Бахрейн, Кувейт және Сирияда (Халепті қоспағанда) әуе кеңістігінің әлі де жабық екенін айтты.

Министр Оман, Иордания және Сауд Арабиясында рейстердің ішінара жалғасып жатқанын, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде әуе қозғалысы бақылаулы және шектеулі түрде жүргізіліп жатқанын білдірді.

Көлік министрі қауіпсіздік мақсатында түрік әуе компанияларының бұған дейін Иран, Ирак, Сирия, Ливан және Иордания рейстерін 6 наурызға дейін тоқтатқанын, алайда бүгінгі жағдай бойынша THY (Түрік әуе жолдары), “AJet”, “Pegasus” және “SunExpress” компаниялары бұл елдерге ұшуды 9 наурыз күнінің соңына дейін тоқтатқанын мәлімдеді.

Оралоғлы «Сонымен қатар Иран бағыты бойынша “Pegasus” әуе жолдары 12 наурызға дейін, ал Түрік әуе жолдары 20 наурызға дейін бұл елге жоспарланған рейстерін бағдарламадан алып тастады», — деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты

Министр әуе кеңістігіндегі жағдайды күнделікті қадағалап анализ жасау аясында Катар, Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) рейстердің жұма күні орындалмайтынын жеткізді. Сондай-ақ «Стамбул әуежайында 4, Муғла Даламан әуежайында 2, Анкара Эсенбоға әуежайында 1 Ирак әуе жолдарының ұшағы тұрақтап тұр. Барлығы 7 ұшақтың күту режимі тиісті бөлімшелермен үйлестіріле отырып бақылануда», — деп түсіндірді.

Уралоғлы Тегеран әуежайында Түрік әуе жолдары мен “Pegasus-қа” тиесілі екі ұшақтың, ал Иракта “Tailwind Airlines-тан” жалға алынған бір ұшақтың қалғанын айтты.

Сонымен қатар министр Нахчыван халықаралық әуежайындағы ұшқышсыз ұшақ шабуылы оқиғасынан кейін Әзербайжан әуе жолдарына тиесілі екі жолаушы ұшағының бағыты өзгертіліп, Түркияның Ыгдыр Шейіт Бүлент Айдын әуежайына қондырылғанын, жолаушылардың сол жерден құрлық арқылы Нахчыванға қауіпсіз жеткізілгенін хабарлады.

Министр сөзін «Аймақтағы оқиғалар біздің тиісті бөлімшелер тарапынан жіті қадағалануда және әуе кеңістігі мен әуежайларда болуы мүмкін өзгерістерге сәйкес үйлестіру жұмыстары жалғасуда», — деп түйіндеді.

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады