ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
“Turkish Airlines”, “Ajet”, “Pegasus Airlines” және “SunExpress” қауіптің артуына байланысты сәрсенбіге дейін Таяу Шығыс елдеріне рейстерін тоқтатты.
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Түрік компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты / Reuters
 

Түркияның әуе компаниялары Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына байланысты Иран, Ирак, Сирия, Ливан және Иордания бағытындағы барлық рейсті 6 наурызға дейін тоқтатты.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу билік жағдайды жіті бақылап отырғанын және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Уралоғлу Иран, Израиль, Ирак, Катар, Бахрейн, Кувейт, Иордания және Сирияның оңтүстік бөлігі бойынша әуе кеңістігін жабу жөніндегі NOTAM хабарламаларының күшінде екенін және аталған әуе кеңістіктері ресми түрде жабылғанын айтты.

Министрдің айтуынша, Оман, Сауд Арабиясының бір бөлігі және Ливанда азаматтық рейстер жалғасып жатыр. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінде төтенше жағдай шаралары аясында әуе қозғалысы қайта бағытталуда, ал “Emirates” пен “Etihad Airways” рейстерін дүйсенбі күні қайта бастау жоспарланып отыр.

Шара ұзартылуы мүмкін

Түркияның төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы “Ajet”-тің қазіргі уақытта аймақ шегінде қалып қойған ұшағы жоқ.

Түрік әуе тасымалдаушылары шектеу қойылған барлық әуе кеңістіктерінен айналып өту үшін рейстерін балама бағыттарға бағдарлауда.

Уралоғлу жағдай өзгермесе, шара ұзартылуы мүмкін екенін қосты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»