ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Джевдет Йылмаз Масуд Пезешкиянмен кездесті
Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз Тегерандағы Саадабад сарайында Пезешкиянмен кездесті.
Джевдет Йылмаз Масуд Пезешкиянмен кездесті
Джевдет Йылмаз Масуд Пезешкиянмен кездесті
 

Ақпан айында басталған АҚШ-Израиль шабуылдарында қаза тапқан Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи үшін ұйымдастырылған мемлекеттік рәсімге қатысу үшін Иранға барған Йылмаз «X» әлеуметтік желісінде кездесу туралы жазба жариялады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Йылмаз: «Бауырлас Иран халқының өткен кезеңде бастан кешкен ауыртпалығына ортақпыз. Түркия ретінде өңірімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік орнығуына, диалог арналарының күшеюіне және соғыстан кейінгі қалыпқа келу үдерісіне қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарға үлес қосуды жалғастырамыз», - деді.

Йылмаз Түркия мен Иран қарым-қатынастарын барлық салада одан әрі дамыту үшін ирандық әріптестерімен ынтымақтастықты жалғастыратындарын атап өтті.

Вице-президент: «Мені қабылдағаны үшін құрметті президентке алғыс білдіремін. Әли Хаменеимен қатар барлық қаза тапқан ирандық бауырларымызға Алладан рақым тілеймін. Дос әрі бауырлас Иран халқына көңіл айтамыз», - деді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»