ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Израильдің Шығыс Иерусалимдегі ғибадат шектемелерін айыптады
Түркия секілді сегіз ел Израильдің қасиетті орындарға баруды шектейтін шараларын қабылдамайтынын білдірді.
Түркия Израильдің Шығыс Иерусалимдегі ғибадат шектемелерін айыптады
Түркия Израильдің Шығыс Иерусалимдегі ғибадат шектемелерін айыптады / AA
 

Түркияны қосқанда 8 ел басып алынған Шығыс Иерусалимдегі діни құлшылықтарға Израиль тарапынан қойылған шектеулерді қатаң айыптап, бұл шаралардың діни бостандық пен аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Түркия, Мысыр, Иордания, Индонезия, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлері басып алынған Шығыс Иерусалимде мұсылмандар мен христиандарға қойылған шектеулерді қабылдамайтынын жеткізді. Министрлер бұл шектеулердің мұсылмандардың әл-Ақса мешітіне кіруіне кедергі келтіру сияқты шараларды қамтитынын айтып, Иерусалимдегі мұсылман және христиан қасиетті орындарының құқықтық және тарихи мәртебесін «өзгертуге» бағытталған талпыныстарға қарсы екендерін қайталады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израильдік заңсыз қоныстанушылар Ақса мешітіне басып кірді

Ортақ мәлімдемеде: «Израильдің бұл жалғасып жатқан әрекеттері халықаралық гуманитарлық құқықты қоса алғанда, халықаралық құқықтың, сондай-ақ қазіргі құқықтық және тарихи статус-квоның айқын бұзылуы болып табылады және құлшылық орындарына кедергісіз бару құқығын таптау дегенді білдіреді», — делінген. Министрлер сондай-ақ христиандардың Қасиетті қабір шіркеуіне еркін баруына кедергі келтіретін «заңсыз және шектеуші» шараларды да айыптады.

Басып алынған Шығыс Иерусалимнің жағдайы

Министрлер басып алынған Шығыс Иерусалим мен оның қасиетті орындарындағы құқықтық және тарихи мәртебенің сақталуы қажеттігін баса айтты. Израильдің басып алушы күш ретінде Шығыс Иерусалимде «егемендік құқығы жоқ» екенін білдірген мәлімдемеде құлшылық орындарына баруға кедергі келтіретін барлық шараларды тоқтатуға шақыру жасалды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»