ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия нөлдік қалдық бастамасымен COP31-ге дайындалуда
Қараша айында Антальяда өтетін климат саммиті климаттық уәделерді нақты жобаларға айналдыруы тиіс деп күтілуде.
Түркия нөлдік қалдық бастамасымен COP31-ге дайындалуда
Түркия нөлдік қалдық бастамасымен COP31-ге дайындалуда. / TRT Balkan

Ресми өкілдер Стамбулда өткен Нөлдік қалдық қорының отырысында қараша айында Антальяда өтетін COP31 саммиті климат саласындағы шараларды жаңа деңгейге көтеру үшін аса маңызды мүмкіндік болатынын айтты.

6–8 ақпан аралығында өткен үш күндік дайындық кездесуі Түркия қабылдайтын әрі төрағалық ететін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (UNFCCC) конференциясы қарсаңында халықаралық кеңесшілерді, БҰҰ-ның Нөлдік қалдық жөніндегі консультативтік кеңесінің мүшелерін және өзге де мүдделі тараптарды біріктірді. Кездесуге Нөлдік қалдық қорының төрағасы және COP31 аясындағы жоғары деңгейлі климат көшбасшысы Самед Ағырбаш төрағалық етіп, саммиттің басымдықтары мен жол картасын айқындады.

Қатысушылар нөлдік қалдықтың шығарындыларды азайтумен тікелей байланысты екенін атап өтіп, оның COP31 күн тәртібіндегі роліне назар аударды. БҰҰ-ның Нөлдік қалдық жөніндегі консультативтік кеңесінің мүшесі Лара ван Друтeн әлемде өндірілетін барлық азық-түліктің шамамен үштен бірі ысырапқа ұшырайтынын айтып, азық-түлік ысырабының климат үшін үлкен мәселе екенін білдірді.

БҰҰ “Habitat” ұйымының бұрынғы бас хатшысы Нил Хор негізгі басымдық «климат саясатын жергілікті деңгейде нақты іс-қимылға айналдыру» екенін айтты. Ол климаттық міндеттемелерді іске асыруда әлем бойынша мүдделі тараптармен ынтымақтастықтың шешуші маңызға ие екенін және нөлдік қалдық іс-қимылының әрі шығарындыларды азайту, әрі бейімделу үшін практикалық құрал бола алатынын қосты.

Түркияның рөліне тоқталған Хор: «Анталья — әсем қала, ал Түркияның бай тарихы мен қонақжайлық дәстүрі мүдделі тараптарды бір арнаға тоғыстыру үшін қуатты орта қалыптастырады», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - COP31 Түркияда өтеді

Цифрлық платформаны іске қосу

Ұйымдастырушылар сонымен қатар COP31 үдерісіне қашықтан қатысуға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны іске қосуды жоспарлап отыр.

Нил Хор Түркия мен Австралия COP31 күн тәртібін талқылағанын да айтып, былай деп қосты: «Менің ойымша, Түркияның нөлдік қалдық саласында тек табиғатты қорғау тұрғысынан ғана емес, одан да маңыздысы — Бірінші ханым Емине Ердоғанның философиясы мен ұстанымдарын, яғни бұл мәселенің өмір салты мен тіршілікке қатысты екенін алға шығаратын жаңа ойлау жүйесін, жаңа жұмыс тәсілін енгізуге мүмкіндігі бар».

БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) Қоғамдық қорғау және коммуникация бөлімінің бұрынғы басшысы Атиф Икрам Батт «бүкіл жаһандық қауымдастықтың ортақ негіз табуы және уәделер мен міндеттемелерді нақты әрекетке айналдыратын уақыттың келгенімен келісуі» қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ Атиф Икрам Батт Түркия нөлдік қалдық саласындағы халықаралық көшбасшылық үлгісі болып, дамыған және дамушы елдер арасында көпір бола алатынын да атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия COP31 саммитін өткізуге және Газаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды