ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
Дубай, Абу-Даби және Дохада әуе рейстердің тоқтатылуына байланысты мыңдаған турист круиздік кемелерде, қонақүйлерде және жабық әуежайларда қалып қойған.
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
2026 ж 28 ақпан күні Ливанның Бейрут қаласындағы Бейрут Рафик Харири халықаралық әуежайында жолаушы ұшу кестесін тексеруде. / AP

Әлем елдері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін Таяу Шығыстағы әуе қатынасы тоқтатылған соң жолаушыларды елге қайтару үшін шұғыл шара қабылдады.

Туристер мен іссапардағы жолаушылар көптеген әуежайдың қашан ашылатыны немесе Таяу Шығыс арқылы ұшатын рейстердің қашан басталатыны туралы ешқандай ақпарат болмағанына байланысты қонақүйлерде, әуежайларда және круиздік кемелерде қалып қойды.

Дубай, Абу-Даби және Дохадағы жабылған әуежайлар — Еуропа, Африка және Батыстан Азияға сапар шегу үшін маңызды транзиттік орталықтар. Үшеуі де тікелей шабуылдардың нысанасына айналды.

“Qatar Airways” дүйсенбі күні рейстерінің тоқтатылғанын хабарлап, ақпарат сейсенбі таңертең жаңартылатынын мәлімдесе, Иордания әуе кеңістігінің ішінара жабылғанын жариялады.

Қазіргі уақытта шамамен 30 000 неміс туристі Таяу Шығыста круиздік кемелерде, қонақүйлерде немесе жабық әуежайларда қалып қойған және қақтығыс салдарынан үйлеріне орала алмай отыр.

Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль жексенбіге қараған түні кеш уақытта жабық әуе кеңістігіне байланысты әскери эвакуацияның әзірге мүмкін емес екенін айтты.

Ол үкіметтің азаматтарды елге қайтаруға көмектесудің өзге де жолдарын қарастырып жатқанын және барша азаматтың неміс туристік агенттіктері мен жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауы қажет екенін білдірді.

Басқа үкіметтер де ұқсас кеңес берді.

Чехияның Премьер-министрі Андрей Бабиш чех азаматтарын елге қайтару үшін Мысыр мен Иорданияға екі ұшақ жіберілгенін мәлімдеді. Ұшақтардың бірі Израильден оралғысы келетін 79 чехты Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортынан алып кетеді.

Олар Израильден Мысырға автобуспен жетуде. Екінші ұшақ Иорданияның Амман қаласынан чех азаматтарын эвакуациялайды. Бабиштің айтуынша, аймақта шамамен 6 700 чех азаматы бар.

Тағы төрт ұшақ чех туристерін елге жеткізу үшін Оманның Маскат және Салала қалаларына аттанды.

Азияда халықаралық рейстердің тоқтатылуына байланысты Индонезияның туристік аралы Балиде мыңдаған жолаушы қалып қойды.

Бали халықаралық әуежайы дүйсенбі түстен кейінге дейін Дубай, Доха және Абу-Дабиге бағытталған немесе осы бағыттардан келетін кемінде 15 рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

“Air France” Тель-Авив, Бейрут, Дубай және Эр-Рияд бағытындағы және осы қалалардан келетін рейстерді тоқтатты. “Air India” және Нидерландтың “KLM” әуе компаниясы да рейстерін тоқтатып, сапарға қатысты ескерту жариялады.

Әуежайдың өкілі Геде Эка Санди Асмади әуе компанияларының деректеріне сәйкес 3 197 жолаушының бұл кідірістен зардап шеккенін айтты.

Сонымен қатар “United”, “Delta” және “American” компанияларының акциялары 5–6 пайызға төмендеді, жаһандық қонақүй желілерінің құны да құлдырады. “Carnival” сияқты круиздік компаниялардың акциялары қатты арзандады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия мен Иран шекарасында шектеу
ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады
Іздеу
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Израиль Ливанға шабуылдады
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде бір мектепті бомбалады
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
Израиль Газада үш адамды өлтірді
Израильдік сарбаз Иса пайғамбардың мүсінін қиратты
Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға шекарадан аулақ болуды ескертті
Украина Ресейдің Туапсе портын нысанаға алды
АҚШ, Жапония және Филиппин ауқымды әскери жаттығу өткізуде
АҚШ әскері Кариб теңізі аймағында есірткіге қарсы операция жүргізді
Сирия армиясы Касрак әуе базасының бақылауын өз қолына алды