СПОРТ
1 ... минут оқылды
Түркия футбол құрамасы Румынияны жеңді
Түркия ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы Футболдан әлем чемпионатының Еуропа іріктеу кезеңінің плей-офф жартылай финалында Румыния құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф финалына шықты.
Түркия футбол құрамасы Румынияны жеңді
Түркия футбол құрамасы Румынияны жеңді / Reuters

Түркия құрамасы Арда Гүлердің тамаша ойынынан кейін, екінші таймда Ферди Кадыоглу соққан голдың арқасында жеңіске жетті. Түркияның Әлем чемпионатына қайта оралуына бір ғана матч қалды.

Стамбулдағы Бешікташ стадионында өткен маңызды кездесуде есеп 53-минутта өзгерді. Мадридтің «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Арда Гүлер қорғаушыларды жарып өтіп, Ферди Кадыоглуна керемет пас берді. Кадыоглу допты сәтті қабылдап, қақпаға дәл бағыттады. Осылайша Түркия алға шықты.

Гүлер бұл голдың үзілісте алдын ала жоспарланғанын айтты. «Үзілісте осы голды талқыладық. Мен допты алуым керек еді, Ферди айып алаңына жүгіруі тиіс болатын. Барлығы дәл жоспарлағандай орындалды», – деді ол «TV8» арнасына берген сұхбатында.

Есеп өзгергеннен кейін Түркияның сенімі артып, тағы бір гол соғуға жақын болды. Туриннің «Ювентус» клубында ойнайтын Кенан Йылдыз сол қапталдан ішке қарай кіріп, әдемі соққы жасады, алайда доп бағанаға тиіп кері қайтты.

Румыния құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен, Түркия мықты қорғанып, басымдығын сақтап қалды.

Бұл жеңіс Түркияны 31 наурызда өтетін плей-офф финалына шығарды. Онда олар Словакия немесе Косово құрамаларының бірімен 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама үшін кездеседі.

Іздеу
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Әлем күрес чемпионаты ертең Қазақстанда басталады
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
«Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасында екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Месси 21 жылдық мансабын аяқтады
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Түркиялық гимнаст Ферхат Арыджан Париждегі жарыста чемпион атанды
Түркия құрамасы Ұлттар лигасын Францияға қарсы матчпен бастайды
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
160-тан астам спортшы Ирландия-Израиль матчын бойкоттауға шақырды
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда