Оңтүстік Филиппинде көмек тікұшағы апатқа ұшырады
«Калмаеги» тайфуны елдің Орталық Висайя аралдарының кейбір аймақтарында және солтүстіктегі Лусон аралында әлі де өз әсерін жалғастыруда. Жеті адам әлі де хабар-ошарсыз.
«Калмаеги» тайфуны елдің Орталық Висайя аралдарының кейбір аймақтарында және солтүстіктегі Лусон аралында өз әсерін жалғастыруда. Жеті адам әлі де хабар-ошарсыз.
Сейсенбі күні «Калмаеги» тайфунына байланысты Филиппиннің оңтүстігінде гуманитарлық көмек миссиясын орындап жүрген тікұшақ құлады. Тайфун осы уақытқа дейін кемінде 19 адамның өмірін қиды.
«Шығыс Минданао» қолбасшылығының мәліметінше, тікұшақ Минданао аймағындағы Агусан-дель-Сур уәлаятында құлаған. “Rappler” жаңалықтар сайтының хабарлауынша, құтқару және апат орнын тазалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
“GMA Network” телеарнасының хабарлауынша, Филиппиндегі әкімшілік аймақтардың бірі Орталық Висайядағы Азаматтық қорғаныс басқармасы қазіргі уақытта 19 адамның өлім себептері суға бату және ағаш құлауы сияқты жағдайлармен байланысты екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ жеті адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Жексенбіден бері тайфун соққы беруі мүмкін аймақтардан мыңдаған адам эвакуацияланды.
Аймақ халқы «Тино» деп атайтын «Калмаеги» тайфуны қазір Орталық Висайя аралында және солтүстіктегі Лусон аралында әсерін жалғастыруда.
«Тиноның» сәрсенбі түні немесе бейсенбі таңертең Филиппин территориясынан шығуы мүмкін.