ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Түркия - әлемдегі ең мықты экологиялық таза туристік бағыттардың бірі
Ұлыбританияда шығатын «Wanderlust» журналы «Саяхаттың жасыл тізімінде» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Немрут тауы мен 2025 жылға арналған Түркияның тұрақты туризмдегі көшбасшылығын атап көрсетті.
Түркия - әлемдегі ең мықты экологиялық таза туристік бағыттардың бірі
/ TRT World and Agencies
 

Әлем бойынша миллиондаған оқырманы бар «Wanderlust» журналының беделді «Саяхаттың жасыл тізімі 2025» шығарылымында Түркия әлемдегі ең экологиялық таза туристік бағыттардың бірі болды.

Ұлыбританияның ең көне және ең құрметті тәуелсіз туристік журналын туристер мен жаһандық туризм мамандары мұқият қадағалайды. «Wanderlust» - қоршаған ортаға жауапты бағыттар бойынша жетекші орган.

Еуропада, Америкада, Океанияда және Азияда қалың оқырманы бар журналдың Түркияны мойындауы елдің жасыл туризмге деген көзқарасының жаһан назарын аударуды жалғастырғанын көрсетеді.

Журналдың Түркияға арналған мақаласында елдің тұрақты туризмдегі көшбасшылығы және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Немрут тауы көрнекті орын ретінде атап өтілген.

Монументалды мүсіндерімен Немрут тек мәдени маңызы бар орын ғана емес, сонымен қатар Түркияның қоршаған ортаны сезімтал басқару тәсілінің таңғаларлық көрнекі символы ретінде көлемді мақалада орын алды.

Мақалада Түркияның ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі 21 алаңын тұрақты тәжірибелермен қорғауға бағытталған талпыныстары да бағаланды.

«Wanderlust»-тегі мақала Түркияның бай табиғи және мәдени құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар жауапты, экологиялық сезімтал туризм саясатының жаһандық көрінісін көрсетеді.

Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия өзінің табанды талпыныстары және жоғары әсерлі жаһандық бастамаларымен тұрақты туризм саласындағы халықаралық көшбасшылығын тағы бір рет растады.

Туристік индустрияның ең ықпалды басылымдарының бірі «Wanderlust» жыл сайын «Саяхаттың жасыл тізімі» арқылы миллиондаған саяхатшының таңдауын қалыптастыруға көмектеседі.

Іздеу
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды