ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты
Он шетел азаматы да босатылып, депортацияланатын болады.
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты
"MRTV" мемлекеттік телеарнасы әскери үкіметтің басшысы, аға генерал Мин Аун Хлайнның 10 162 тұтқынға рақымшылық жасағанын хабарлады. / AA
 

Дүйсенбі күні мемлекеттік БАҚ Мьянмадағы әскери басқару жетекшісінің мемлекеттік мереке аясында 10 мыңнан астам тұтқынға рақымшылық жариялағанын, сондай-ақ өзге сотталғандардың жазалары қысқартылғанын хабарлады.

Мемлекеттік “MRTV” телеарнасының хабарлауынша, әскери үкіметтің жетекшісі, аға генерал Мин Аун Хлайнг фермерлерді құрметтеуге арналған Шаруалар күніне орай терроризмге қарсы заң аясында сотталған 7 337 адамды қоса алғанда барлығы 10 162 тұтқынға рақымшылық жасаған.

Бөлек мәлімдемеде осы заң аясында сотталған немесе іздеуде жүрген 12 487 адамның да рақымшылыққа ілінетіні, ал арандату айыптары бойынша қозғалған істердің жабылатыны айтылды.

Өлім жазасын да қамтитын терроризмге қарсы аталған заң 2021 жылғы әскери төңкерістен бері саяси қарсыластарды, журналистерді және оппозициялық әрекеттерге қатысқан өзге адамдарды ұстау және түрмеге қамау үшін пайдаланылып келеді.

Тағы бір бөлек мәлімдемеде он шетел азаматы да босатылып, Мьянмадан депортацияланатыны көрсетілді.

Мьянмада ресми мерекелерге орай жиі жаппай рақымшылық жарияланады. Тұтқындарды босату дүйсенбі күні басталды, алайда бұл үдеріс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Босатылғандардың аты-жөні жарияланған жоқ.

Елдегі саяси қақтығыстармен байланысты тұтқындау мен адамдардың жоғалуына байланысты есеп тәуелсіз ұйым Саяси тұтқындарға көмек көрсету қауымдастығының дерегіне сәйкес, жұма күні 22 800-ден астам саяси тұтқын қамауда болған.

Олардың қатарында 27 жылға бас бостандығынан айырылған 80 жастағы Аун Сан Су Чжи де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мьянмадағы жер сілкінісі мешіттерді қиратты, жүздеген мұсылманның өміріне алаңдаушылық туды
Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»