САЯСАТ
3 ... минут оқылды
АҚШ Иранды ядролық байыту әлеуетін қысқартуға шақырды
АҚШ вице-президенті кез келген келісім Иранның болашақта ядролық қызметін қысқартуға уәде беруімен ғана шектелмей, қазіргі ядролық байыту әлеуетін нақты төмендетуін талап етуі тиіс екенін айтты.
АҚШ Иранды ядролық байыту әлеуетін қысқартуға шақырды
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс «Air Force Two» ұшағынан түскеннен кейін. Элмендорф әскери-әуе базасы, Анкоридж, дүйсенбі, 2026 жылғы 5 қазан. / AFP

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Вашингтонның Тегерандағы келіссөздерге қатысты шешімдердің қалай қабылданатынына күмәні болғанына қарамастан Иран АҚШ талаптарын орындап, жеті айдан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату үшін ядролық байыту әлеуетін «айтарлықтай» қысқартуы қажет екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың шетелдегі соғыстарға араласуына бұрыннан күмәнмен қарайтын Вэнс қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерде жетекші рөл атқарып, қыркүйекте уақытша бейбіт келісімге қол жеткізуге араағайындық жасаған еді. Алайда бұл келісім көп ұзамай бұзылды.

Вэнс “Reuters” агенттігіне кез келген келісім Иранның болашақта ядролық қызметін қысқартуға уәде беруімен ғана шектелмей, қазіргі ядролық байыту әлеуетін нақты төмендетуін талап етуі тиіс екенін айтты.

«Егер ядролық қару жасағыларыңыз келмесе, онда 60 пайызға дейін байытылған отын не үшін қажет? Ал ядролық қару жасамауға деген ниеттеріңізді көрсеткілеріңіз келсе, жоғары деңгейде байытылған отын өндірмеңіздер. Бұл — өте қарапайым әрі шешуші мәселе. Меніңше, егер олар ядролық қару жасамауға деген ниетін көрсеткісі келсе, байыту әлеуетіне қатысты елеулі қадам жасауы керек», - деді Вэнс.

Вэнс АҚШ-тың келісімге келуге әлі де дайын екенін, алайда ол үшін Иран ядролық мәселеде нақты жеңілдіктерге баруы қажет екенін айтты.

«Біз сөзді нақты әрекетке айырбастамаймыз», - деді ол.

Тегеранда шешімдердің қалай қабылданатыны белгісіз

Вэнс Вашингтонның Тегеранда шешімдерді нақты кім қабылдайтынына сенімді емес екенін мәлімдеді.

АҚШ вице-президентінің айтуынша, Ақ Үй Иран президенті Масуд Пезешкиан және Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен байланыста. Алайда соғыстың басында АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылдарынан Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін бұл тұлғалардың Иранның билік құрылымында қаншалықты өкілеттікке ие екені белгісіз болып отыр.

«Біз анықтаған жайттардың бірі — олардың елінде шешімдердің нақты қалай қабылданатыны түсініксіз», - деді Вэнс.

Трамп та сейсенбі күні «ең үлкен мәселе» Иранды кім басқарып отырғанын ешкімнің білмеуі екенін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бегаи жексенбі күні АҚШ шенеуніктері ирандық әріптестерінің кім екенін және Ирандағы шешім қабылдау тетігінің қалай жұмыс істейтінін жақсы білетінін айтты.

Вэнс “Reuters” агенттігіне майдандағы жағдайды бағалау үшін қолбасшылармен жеке сөйлескенін мәлімдеді.

Маңызды оқ-дәрілердің тапшылығына қатысты алаңдаушылықты жоққа шығарған Вэнс Иран күштері кейде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасай алғанымен, осы су жолы арқылы жүзеге асырылатын энергия экспортына айтарлықтай кедергі келтіре алмағанын айтты.

Соғыс және оған ай сайын жұмсалатын 3 миллиард доллар сайлау науқанының басты мәселелерінің біріне айналды. Энергия бағасының өсуі Конгрестегі бақылаудың тағдыры шешілетін тартысты штаттарда Трамп пен республикашылдарды қысымға ұшыратты.

Вэнс Ақ Үйде Трамптың орнын басуы мүмкін Республикалық партияның негізгі үміткерлерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Кейінірек Вэнс 2028 жылы президенттік сайлауға қатысып қатыспау жөнінде әлі шешім қабылдамағанын айтты.

«Істі кейінге қалдыруға бейім адаммын. Бұл мәселе туралы шынымен көп ойланған жоқпын», - деді Вэнс.

Іздеу
Президент Зеленский: “Ресей ауқымды шабуылға дайындалып жатыр”
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Данияда ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды
Ирак елдегі барлық қарулы топты қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеуде
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
Судан сыртқы араласуды тоқтатуға шақырды