Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті мен БҰҰ Бас хатшысы кездесті
Ерхүрман БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Кипр мәселесін шешуге бағытталған күш-жігерін қолдайтынын және бұл үдеріске өз тарапынан барынша үлес қосатынын мәлімдеді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті мен БҰҰ Бас хатшысы кездесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті мен БҰҰ Бас хатшысы кездесті. (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ)

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Туфан Ерхүрман Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен оның делегациясын қабылдады.

СКТР Президенті әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, кездесу алдында сөйлеген сөзінде Ерхүрман Гутерриш пен оның делегациясын қарсы алғанына қуанышты екенін білдіріп,

«Кипр түрік халқының әділ әрі тұрақты шешімге қол жеткізуге деген берік ерік-жігерін жақсы түсінесіз деп ойлаймын. Сенім шараларын нығайту бағытында өз міндетімізді орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. 2004 және 2017 жылдардағы үдерістерден өзгеше, бұл жолы нәтижеге бағытталған жаңа әрі шынайы тәсіл бойынша жұмыс жүргізудеміз», – деді.

Ерхүрман сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Кипр мәселесін реттеуге бағытталған күш-жігерін қолдайтындарын және бұл жұмыстарға мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты.

БҰҰ Бас хатшысы:

«Екі қауымдастықтың шешім іздеу үдерісіне қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға бел будық. Түпкілікті шешімнің кепілгер мемлекеттердің де үлесіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан екі қауымдастықтың әл-ауқатын арттырып, келісімге қол жеткізуге деген ұмтылысын күшейтетін кез келген бастамаға ерекше мән береміз», – деді.

Гутерриш бүгінгі таңда пайда болған маңызды мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және келіссөз үдерісін ілгерілетуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдауды жалғастыратынын айтып, Кипрде болғанына қуанышты екенін жеткізді.

Кездесуден кейін журналистерге берген мәлімдемесінде Гутерриш кипрліктермен ынтымақтастықты жалғастыра отырып, кепілгер мемлекеттермен бірге мәселені шешуге жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол екі тарапқа да тиімді болатын сенім шараларын нығайтуға үлес қосатындарын айтты.

Гутерриш грек кипрлік көшбасшы Христодулидиспен де кездесті

Кипрге сапары аясында Гутерриш бүгін таңертең Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігінің жетекшісі Никос Христодулидиспен де кездесу өткізді.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды