Түркияның Орталық банкінің резерві алғаш рет 200 миллиард доллардан асты
Түркия Қаржы министрі Мехмет Шимшек жалпы резервтердің шамамен 107 миллиард долларға артып, 205,2 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді.
Бейсенбі күні жарияланған мәліметтерге сәйкес, Түркия Республикасы Орталық банкінің ресми халықаралық резервтері алғаш рет 200 миллиард долларлық шектен асты.
Банктің хабарлауынша, өткен аптада 196,1 миллиард доллар болған резерв 4,6 пайыз өсіп, 205,2 миллиард долларға жеткен.
Айырбасталатын шетел валютасындағы валюталық резерв өткен аптамен салыстырғанда 6,7 пайыз артып, 76,4 миллиард долларды құрады.
Банктің алтын резервтері (алтын депозиттері мен қажет болған жағдайда алтын swap-тарын қосқанда) дәл осы кезеңде 3,7 пайызға өсіп, 121 миллиард долларға жетті.
Түркия Қаржы министрі Мехмет Шимшек іске асырылып жатқан бағдарламаның арқасында жалпы резервтің шамамен 107 миллиард доллар артып, 205,2 миллиард долларға дейін өскенін атап өтті.
Шимшек «NSosyal» әлеуметтік платформасында «Swap-тарды есептемегендегі таза резервтің өсімі 139,3 миллиард доллар болды. Халықаралық стандарттар бойынша резервтердің жеткіліктілігін қамтамасыз еттік», — деп жазды.