ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль сарбазы Мәриям Ана мүсінін қорлады
Израиль сарбазының Ливанның оңтүстігіндегі христиандар тұратын аймақта орналасқан Мәриям Ана мүсініне жасаған қорлығы наразылық тудырды.
Израиль сарбазы Мәриям Ана мүсінін қорлады
Ливанның оңтүстігіндегі Дебель христиан ауылында израильдік сарбаз өзі темекі шегіп, тағы бір темекіні Мәриям ана мүсінінің аузына тығып жатыр. / Reuters

Израильдің “KAN” мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Израиль сарбазының Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылы Дебелде Мәриям Ана мүсінінің аузына темекі қойған фотосуреті расталды.

Дебел ауылында түсірілгені анықталған суретте бір сарбаз мүсіннің аузына темекі қойып жатқан кезде жанындағы сарбаздардың бұл сәтті суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялағаны айтылды.

Хабарда Израиль Бас штабының бастығы Эяль Замир сарбаздардың христиандардың діни рәміздеріне қатысты әрекеттерін «орынсыз мінез-құлық және армия құндылықтарынан ауытқу» деп атағаны хабарланды.

Сондай-ақ Израиль армиясының «оқиғаның тексеріліп жатқаны және анықталған жайттарға сәйкес қажетті шара қабылданатыны» жөнінде мәлімдеме жасағаны жеткізілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израильдік сарбаз Иса пайғамбардың мүсінін қиратты

Иса пайғамбардың мүсініне жасалған шабуыл да наразылық тудырған еді

Израиль армиясының бір сарбазы 19 сәуірде Ливанның оңтүстігіндегі Израиль басып алған Дейр Серьян елді мекенінде Иса пайғамбардың мүсінін балғамен қиратқан болатын.

Израиль армиясы оқиғаға қатысты фотосуреттің шынайы екенін мойындап, тергеу басталғанын хабарлады.

Израиль сарбазының діни рәмізге жасаған әрекеті христиан әлемінің үлкен наразылығын тудырды.

Осыдан кейін Беньямин Нетаньяху оқиға үшін кешірім сұрап, мүсінді қиратқан және оны суретке түсірген екі сарбаздың әскери міндетінен шеттетілгенін әрі оларға 30 күндік әскери қамау жазасы берілгенін білдірген болатын.

Иса пайғамбарды бейнелейтін мүсінге жасалған шабуыл халықаралық наразылыққа ұласқаннан кейін Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар дипломат Джордж Дикті Христиан әлемі жөніндегі арнайы өкіл қызметіне тағайындаған еді.

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді