ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Ресей билігі 650 дрон қолданылған ауқымды шабуыл салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
(МҰРАҒАТ) Украиналық сарбаз алыс қашықтыққа соққы беретін FP-1 дронына қарап тұр. / Reuters

Ресей билігі сейсенбі күні түнде Мәскеу мен оның маңын нысанаға алған, 650 дрон қолданылған ауқымды шабуыл салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Өңір губернаторы Андрей Воробьев Мәскеу маңындағы ауылдардың бірінде 20 жастағы ер адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген үйдің зақымданғанын мәлімдеді. Ал «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, алты адам жарақат алған.

«ТАСС» мемлекеттік ақпарат агенттігі бұл шабуылды соңғы екі жылда Мәскеу мен оның маңына жасалған дрон шабуылдарының ішінде ауқымы жағынан екінші ірі шабуыл деп сипаттады.

Соңғы айларда Ресей мен Украина бір-біріне қарсы ұзақ қашықтықтағы шабуылдарын күшейтті. Энергетика, көлік және порт нысандарын қоса алғанда, азаматтық және өнеркәсіптік инфрақұрылыммен қатар, Қара теңіздегі кемелер де шабуылдардың нысанасына айналып отыр.

Ресей қыс мезгілі жақындаған тұста Киевті қоса алғанда, инфрақұрылым нысандарына бағытталған шабуылдарды күшейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Іздеу
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
«TEKNOFEST» 4 қазанға дейін жалғасады