ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Мәлімдемеде Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мен Эгей теңізіне қатысты мәселелерде диалог пен дипломатияны негізге алатын сындарлы әрі шешімге бағытталған ұстанымын сақтайтыны да атап өтілді.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналды / Anadolu Agency (Wire)
 

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің  мәлімдемесінде: «Терроризмсіз Түркия» үдерісі мен «Терроризмсіз аймақ» мақсатына қатысты жұмыстардағы нақты ілгерілеу мен қазіргі жағдай талқыланды», – делінген.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президент сарайында  өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін ресми мәлімдеме жарияланды.

Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, жиында PKK/KCK-PYD/YPG, FETÖ және ДАИШ террористік ұйымдарын қоса алғанда, ұлттық бірлік пен тұтастыққа және елдің болашағына төнген кез келген қауіп-қатерге қарсы ел ішінде және шетелде табандылықпен, батылдықпен әрі табысты жүргізіліп жатқан шаралар мен соңғы уақыттағы халықаралық ахуал талқыланды.

Мәлімдемеде мынадай тұжырымдар келтірілген:

«Терроризмсіз Түркия» үдерісі мен «Терроризмсіз аймақ» мақсатына қатысты жұмыстарда қол жеткізілген нақты ілгерілеулер мен қазіргі жай-күй қарастырылып, «Ұлттық ынтымақтастық пен қоғамдық бірігуді нығайту туралы» заң аясында жүргізіліп жатқан көпқырлы қызметтің табанды түрде жалғасатыны атап өтілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен ымырасыз күрестегі қазіргі кезең қарастырылып, азаматтарымыздың тыныштығын, амандығын, өмірі мен мүлік қауіпсіздігін нысанаға алып, қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысатын құрылымдарға ешбір жағдайда жол берілмейтіні баса айтылды».

Сирия және Иракпен көпжақты ынтымақтастықты барлық салада ілгерілетудің маңыздылығына назар аударылған мәлімдемеде Түркияның ортақ географияда қауіпсіз, тұрақты өркендеген болашақ құру пайымымен жұмысын жалғастыратыны жеткізілді.

Мәлімдемеде Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мен Эгей теңізіне қатысты мәселелерде диалог пен дипломатияны негізге алатын сындарлы әрі шешімге бағытталған ұстанымын сақтайтыны айтылды. Сонымен қатар халықтың халықаралық құқық пен келісімшарттардан туындайтын құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мызғымас ұстанымның жалғасатыны атап көрсетілді.

Түркі Мемлекеттері Ұйымының төрағалық міндетін Әзербайжаннан қабылдап алған Түркияның түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған күш-жігерін одан әрі ілгерілететіні көрсетілген мәлімдемеде мыналар атап өтілді:

«Израиль әкімшілігінің Палестина, Ливан және Сирияны нысанаға алған басқыншылық және аннексиялық саясаты өңірдегі тұрақсыздықты күшейтіп отыр, бейбітшілік орнату үдерістерінде бастама көтерген барлық тараптар өз міндеттемелеріне қарамастан заңсыздықты жалғастырып отырған Израиль билігіне қарсы неғұрлым батыл ұстаным танытуы керек. Ресей-Украина және АҚШ/Израиль-Иран соғыстарына қатысты соңғы оқиғалар мен қазіргі ахуал талқыланып, Ресей-Украина соғысының Қаратеңізден кейін Жерорта теңізіне де ұласуына алаңдаушылық білдірілді, Түркияның жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін аса маңызды бейбіт ортаны тезірек орнату мақсатында барлық мүдделі тараптармен байланыстарын жалғастыратыны айтылды. Ливияның бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар мен осы бағытта атқарылған істер сарапталып, Түркияның бауырлас Ливия халқының тыныштығы мен әл-ауқаты үшін күш салуды жалғастыратыны көрсетілді».

Іздеу
АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты
Индонезияда алтын кенішін су басып, құтқару жұмыстары басталды
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Украина: «Ресейдің Запорожьеге жасаған шабуылынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды»
Газада менингит ауруы көбейді
Иран Мәжілісінің төрағасы: «7 шарт орындалмайынша ешқандай қадам басылмайды және келіссөз болмайды»
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты