ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 минут оқылды
Ирландия Газаға жасалған Израиль шабуылдарын айыптады
Ирландия премьер-министрі Михол Мартин Газаға жасаған және атысты тоқтату туралы келісімді бұзған Израильдің соңғы шабуылдарын қатаң сынға алды.
Ирландия Газаға жасалған Израиль шабуылдарын айыптады
2025 ж 29 қазанда Газа секторының Нусейрат қаласында Израиль шабуылынан қаза тапқан Әбу Далал отбасы мүшелерінің денелері жанында жұрт жиналды.
30 Қазан 2025

Сәрсенбі түні “X” платформасында жариялаған мәлімдемесінде Мартин «Газаға жасалған, 46-сы бала 100-ден астам адамның өмірін қиған шабуылдарды қатаң айыптаймын. Барлық тараптарды атысты тоқтату келісімін сақтауға және орындауға шақырамын. Сондай-ақ Газа халқына көрсетілетін гуманитарлық көмекті күшейту қажеттігін ерекше атап өтемін» деді.

Көптеген жазықсыз адамның қаза табуын ол  «шын мәнінде қорқынышты» деп сипаттап, халықаралық құқық нормаларына құрметпен қарау қажеттігін тағы да еске салды.

Мартин: «Барлық тарап өз міндеттемелерін орындап, келісімнің басқа да тармақтарының жүзеге асуына күш салуы керек. Қазірдің өзінде тым көп адам зардап шекті және қаза тапты», — деді.

Мартиннің бұл мәлімдемесі Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінен кейін жасалды. Министрлік мәліметінше, сейсенбі кешінен бері Израиль әскері 46-сы бала 100-ден астам палестиналықты өлтіріп, 10 қазаннан бері күшінде болған атысты тоқтату режимін бұзған.

Ал жексенбі күні Беньямин Нетаньяху министрлер кабинетінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың ара ағайындығымен жасалған атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израильдің Газаға «қашан және қай жерде соққы жасайтынын өзі шешетінін» мәлімдеген болатын. Бұл келісім қоршаудағы аймаққа халықаралық қауіпсіздік күштерін орналастыруды көздейді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы шабуылдарда 78-і бала, 84-і әйел, барлығы 253 адам жарақат алған.

Министрлік деректері бойынша, атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарынан кем дегенде 211 адам қаза тауып, 597 адам жараланған.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 68 мыңнан астам адам қаза тапты, 170 мыңнан астамы жараланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Газадағы атысты тоқтатпады

Іздеу
Украина мен Ресей Cтамбулда келіссөз жүргізіп жатыр
Ханнибал Каддафи кепілдікпен босатылды
20 ел Судандағы ЖҚК зұлымдықтарын айыптады
Мысырда парламент сайлауы басталды
Израильдің ұшқышсыз ұшағы Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады
Филиппинге Фунг-вонг тайфуны соғып, 1,4 миллион адам эвакуацияланды
АҚШ-та 10 000-нан астам рейс кешікті
Иранда су тапшылығы басталды
«Калмаеги» тайфуны Вьетнамға жетті
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды
АҚШ әуежайлары әуе қозғалысын 10%-ға қысқартады
АҚШ пен Сауд Арабиясы бірлескен әскери оқу-жаттығуын бастады
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды
Филиппинді соққан тайфун Вьетнамға қарай жылжуда
Батыс Шерияға Израильдің шабуылдары күшейді
Оңтүстік Филиппинде көмек тікұшағы апатқа ұшырады
Босниядағы қарттар үйіндегі өртте 10 адам қаза тапты
“Газалықтар шүкіршілік етуден танбайды”
Суданда ондаған адам қаза тапты
Ресей өз күштерінің Украинадағы Покровск қаласына кіргенін мәлімдеді