Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды азайту мүмкін екенін білдірді
Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды азайту мәселесі қарастырылып жатқанын және Ормуз бұғазының қауіпсіздігін осы бағытты пайдаланатын өзге елдер қамтамасыз етуі керек екенін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп “Truth Social” әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ-тың Иранға қарсы жүргізіп жатқан әскери операция аясындағы мақсаттардың орындалуына аз қалғанын хабарлады.
Трамп Ормуз бұғазын қорғау мен бақылауды осы өмірлік маңызы бар су жолын пайдаланатын басқа елдерге жүктеу қажет екенін айтып, мұның АҚШ-тың жауапкершілігінде болмауы тиіс екенін білдірді.
АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда Иранға қарсы бастаған бірлескен шабуылдарынан кейін өңірдегі шиеленіс жылдам өрши түсті.
Шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны шамамен 1300 адамға жеткені, олардың арасында бастауыш мектептегі бір қыздар мектебінде көз жұмған 150-ден астам бала да бар екені хабарланды.
Ал Иран Израильге және өңірде АҚШ-пен байланысты деп мәлімдеген нысандарға зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы берді.