САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден транзиттік төлем алу мүмкіндігін қарастыруда
Ирандық бір депутат бұл бағыттағы заң жобасы энергия мен сауда ағындары үшін аса маңызды теңіз жолын пайдаланатын елдерден төлем алуды міндеттейтінін айтты.
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден транзиттік төлем алу мүмкіндігін қарастыруда
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден транзиттік төлем алу мүмкіндігін қарастыруда / Reuters

Иран медиасы бейсенбі күні елдің стратегиялық Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден төлемақы алуды міндеттейтін заң жобасын қарастырып жатқанын хабарлады.

 «ISNA» агенттігінің мәліметінше, ұсынылып отырған заң жобасы әлемдегі ең маңызды энергия жеткізу бағыттарының бірі саналатын теңіз дәлізін пайдаланатын кемелерге транзиттік төлем енгізуді көздейді.

Тегерандық депутаттың айтуынша, бастама бұғазды тасымал, энергия жеткізу және азық-түлік тізбектері үшін «қауіпсіз өткел» ретінде пайдаланғандарға төлем мен салық төлеуді міндеттейді.

Депутат сондай-ақ бұғазды пайдаланатын елдер Иранға төлемақы мен салық төлеуі тиіс екенін атап өтті.

Бұл ұсыныс өңірдегі шиеленіс күшейген кезеңде көтерілді. Шабуыл барысында 1300 адам қаза тапты. Олардың ішінде сол кездегі рухани көсем Әли Хаменеи де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран бұл шабуылдарға дрон және зымырандар арқылы жауап берді. Сонымен қатар тәулігіне шамамен 20 миллион баррель мұнай өтетін және әлемдік сұйытылған табиғи газ саудасының шамамен 20 пайызы жүзеге асатын аса маңызды мұнай дәлізі Ормуз бұғазын жауып, жаһандық энергия нарығына үлкен соққы берді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді