ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«АҚШ пен Иран ядролық келісімге оң көзқарас танытуда»
«Financial Times» басылымына берген сұхбатында Фидан АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта жандануы мүмкін екенін мәлімдеп, тараптар тек ядролық мәселеге назар аударып, аймақта тағы бір соғыстың алдын алу қажеттігін атап өтті.
«АҚШ пен Иран ядролық келісімге оң көзқарас танытуда»
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «АҚШ пен Иран ядролық келісімге оң көзқарас танытуда» / Reuters

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ пен Иранның ядролық келісімді жандандыру бағытында оң көзқарас танытып отырғанын, алайда келіссөздердің ауқымын кеңейту аймақты қайтадан қақтығысқа итермелеуі мүмкін екенін ескертті.

Бейсенбі күні «Financial Times» басылымында жарияланған сұхбатында Фидан Вашингтонның Иранның уранды толық байытуды тоқтатуы жөніндегі талабын жұмсартуға дайын екенін айтты. Бұл алдыңғы келіссөздің негізгі мәселелерінің бірі болатын.

Фидан: «Америкалықтардың Иранның уран байытуына нақты шектеулер аясында төзімділік танытуға ниетті болуы ˗ оң белгі», - деді.

Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы Иран уран байытуды өзінің егемен құқығы екенін үнемі айтып келеді. Фиданның сөзінше, Тегеран уран байыту деңгейіне шектеулер енгізуге және 2015 жылғы ядролық келісімге ұқсас қатаң бақылауларды қабылдауға дайын.

«Ирандықтар америкалықтармен келісімге келуі керектігін түсіне бастады, ал америкалықтар да ирандықтардың өз шектеулері бар екенін түсінуде. Оларды мәжбүрлеудің мәні жоқ», - деді Фидан.

Келіссөздерді кеңейту келісімге қауіп тудыруы мүмкін

Фидан келіссөздерді Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасын және аймақтағы қарулы топтарға қолдауын қамтитындай етіп кеңейтуге қатысты маңызды ескерту жасады.

«Егер АҚШ барлық мәселені бір уақытта қарастыруға табандылық танытса, ядролық мәселе алға баспайды деп қорқамын. Нәтижесінде аймақта тағы бір соғыс болуы мүмкін», - деп ескертті ол.

АҚШ делегациясы мен Иран өкілдері арасындағы жанама келіссөздер өткен апта Маскатта қайта басталды. Бұл ˗ Вашингтонның маусым айында Израильдің Иранға қарсы 12 күндік соғысынан кейінгі алғашқы байланысы.

Екі тарап та кездесуді «сындарлы» деп бағалап, алдағы уақытта келіссөздің жаңа кезеңдері болуы мүмкін екенін меңзеді. Бұрын АҚШ талаптарының қатарында Иранның зымыран арсеналын шектеу және Хезболла мен хоуситтер секілді топтарға қолдауын тоқтату болғанымен, президент Дональд Трамп жақында тек ядролық келісім ғана «қабылдауға болатын» нұсқа болуы мүмкін екенін айтты.

Фиданның айтуынша, Түркияны қоса алғанда аймақ елдері ядролық келіссөздерге зиян келтірмей, кеңірек қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған идеялар әзірлеуде.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»

Министр тұрақты келісімге қол жеткізу үшін Иран мен көрші елдер арасындағы сенімді қайта қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Аймақ елдері арасында өзара сенім жоқ, бұл мәселе міндетті түрде шешілуі керек», - деді Фидан.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті