Қазақстанда Түрік фильмдері күндері басталды
Іс-шара 5 күнге созылады.
Қазақстанда Түрік фильмдері күндері басталды
Қазақстанда Түрік фильмдері күндері басталды / Anadolu Agency (Wire)
 

Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамыту және екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған Түрік фильмдері күндері Қазақстанның астанасы Астанада басталды.

Іс-шараның ашылу салтанаты «Mega Silk Way» сауда орталығындағы кинотеатрда қызыл кілем рәсімімен өтті.

Қызыл кілемде қазақстандық кино сүйер қауыммен амандасқан түрік өнерпаздары жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Бағдарлама аясында адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты арқау еткен және COP31 аясында көрерменге жол тартқан «Diğerkâm» («Жанашыр») фильмінің көрсетілімі өтті. Сонымен қатар 99-шы «Оскар» жүлдесінің «Үздік халықаралық фильм» номинациясына Түркия атынан ресми үміткер ретінде ұсынылған «Kesilmiş Bir Ağaç Gibi» («Кесілген ағаштай») фильмі де көрермен назарына ұсынылды.

Бес күнге созылатын іс-шара барысында қазақстандық көрермендер «Beklenti» («Үміт»), «Mutluyuz Mu?» («Бақыттымыз ба?»), «Rafadan Tayfa: Kapadokya» және «Bak Postacı Geliyor» («Қарашы, пошташы келе жатыр») фильмдерін де тегін тамашалай алады.

«Yerli Düşünce” қауымдастығының төрағасы Гүндоғду екі ел арасында бірлескен киножобаларды дамыту қажеттігін атап өтіп, Қазақстан тарапымен ортақ туындылар түсіруге мүмкіндік беретін келіссөздер жүргізгісі келетіндерін айтты.

Бірлескен жобалардың түрік және қазақ актерлері, сценаристері мен продюсерлері үшін маңызды мүмкіндіктер ашатынын жеткізген Гүндоғду екі елде де көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген өнерпаздардың ортақ жобаларда тоғысуы мәдени және салалық ынтымақтастыққа серпін беретінін тілге тиек етті.

Гүндоғду шамамен 6 жыл бұрын бастау алған «Қорқыт ата» түркі әлемі кинофестивалінің де бірлескен жобаларды ынталандыру мақсатын көздейтінін еске салды.

Түрік өнерпаздары қазақтың салт-дәстүрімен танысты

Түрік фильмдері күндері аясында Астанаға келген өнерпаздар мәдени бағдарлама шеңберінде Қазақстанның салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Елордадағы этноауылға барған өнерпаздар қазақтың киіз үйін аралап, дәстүрлі садақ атудан бақ сынап, атқа мінді.

Іздеу
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады
Жүрдек пойыздар желісі кеңейіп келеді: 2030 жылы желіге 18 қала қосылады
АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты
Индонезияда алтын кенішін су басып, құтқару жұмыстары басталды
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен соғысты қалаған уақытта аяқтай аламыз»
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Израиль шабуылынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Украина: «Ресейдің Запорожьеге жасаған шабуылынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды»
Газада менингит ауруы көбейді