САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Рубионың Еуропа сапары Арктикадағы қауіпсіздік, өңірлік ынтымақтастық және энергетика мәселелеріне арналмақ.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Исландияға барар жолда Эндрюс бірлескен базасында баспасөз өкілдерімен тілдесуде, дүйсенбі, 5 қазан 2026 жыл. /AP

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Еуропаның үш елін қамтитын және АҚШ-тың Арктикадағы ықпалын арттыруға бағытталған сапарын бастау үшін дүйсенбі күні кешке Исландияға келді.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне сәйкес, Рубио Рейкьявикте ел басшыларымен кездесіп, экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты талқылайды. Бұл сапар АҚШ-тың қыркүйек айының соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Дания және Гренландиямен қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қоюынан кейін өтіп отыр.

Аталған келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты шиеленістірген Гренландияны сатып алу немесе аннексиялау туралы қоқан-лоққыларына нүкте қойған сыңайлы.

Келісім аясында Вашингтон Гренландияда екі жаңа әскери база құруды жоспарлап отыр. Рубио сапарға шығар алдында Исландияны «Америка Құрама Штаттарының жақсы досы» деп атады.

Трамптың Арктикадағы мақсаттары

Қауіпсіздік мәселесінде АҚШ-қа едәуір тәуелді Исландия Арктикадағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты қайтадан стратегиялық маңызға ие болды.

1944 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өз армиясы жоқ Исландия қауіпсіздігін НАТО-ға және 1951 жылы Вашингтонмен жасалған екіжақты қорғаныс келісіміне негіздеп келеді.

Қыркүйек айының басында Трамп Исландия, Гренландия және бүкіл Солтүстік Американы АҚШ-тың бір бөлігі ретінде көрсететін жасанды интеллект көмегімен жасалған картаны жариялаған еді. Рейкьявик билігі суретті «мүлдем орынсыз» деп атап, осыған байланысты АҚШ елшісін шақыртқан болатын.

Ал тамыз айының соңында Исландия халқы ЕО-ға мүшелік жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша дауыс берді. Дауыс бергендердің 52,8 пайызы келіссөздерді қайта бастауға қарсы болса, 47,2 пайызы қолдады. Исландияға бұған дейін барған соңғы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен болатын. Ол елге 2021 жылы сапар жасаған.

Грекия және Португалия

Исландиядан кейін Рубио НАТО-дағы одақтас Грекиямен өңірлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша «стратегиялық диалог» өткізу үшін Афинаға барады.

Бұл сапар АҚШ-тың Грекиядағы елшісі Кимберли Гилфойлға қатысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы БАҚ-та ақпарат тарағаннан кейін жүзеге асып отыр.

АҚШ Конгресінің мүшесі Грегори Микс “Wall Street Journal” газетінде жарияланған Гилфойлдың АҚШ Еуропа елдерінде «саяси өзгеріс» жасай алатыны туралы сөздеріне қатысты мақаланы түсіндіруді талап етіп, Рубиоға хат жолдаған еді.

Рубио Еуропа сапарын Лиссабонға жасайтын қысқа сапарымен аяқтайды.

Іздеу
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді