Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Бұл гуманитарлық жүк жөнелтілімі Әзербайжан мен Иран арасындағы шекаралық қозғалысты уақытша тежеген соңғы дрон оқиғасына қарамастан жүзеге асты.
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Тегеранға гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды. / AA

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жалғасып жатқан соғысы кезінде Тегеранға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Әзербайжанның “APA” мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжаннан Иранға 10 тонна ұн, шамамен 2 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық, сондай-ақ өзге де гуманитарлық көмек заттары жіберілді.

Бұл көмек жөнелтілімі Әзербайжан мен Иран арасындағы шекаралық қозғалысты қысқа мерзімге бұзған соңғы ұшқышсыз аппарат оқиғасына қарамастан іске асты. Әзербайжан дүйсенбі күні Иранмен шекарадағы өткізу бекеттерін барлық жүк тасымалы үшін қайта ашқанын хабарлады.

Ресейдің “ТАСС” мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Иранды одақтасы Ресеймен жалғайтын ең қысқа құрлық бағыттарының бірі саналатын бұл өткелдер өткен аптада Бакудың Нахчыван аймағында Иранның дрон шабуылы деп сипаттаған оқиғадан кейін жабылған болатын.

Иран президенті Масуд Пезешкиан жексенбіге қараған түні әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевке телефон шалып, Әзербайжанға жасалған дрон шабуылына Тегеранның қатысы жоқ екенін айтып, оқиға бойынша тергеу жүргізуге уәде берген.

Әзербайжан билігі бейсенбі күні төрт ұшқышсыз аппараттың Нахчыван аймағында шекарадан асқанын және төрт адамды жаралағанын хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды