ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Али Лариджани Иранның АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастауға әрекет жасап жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, Тегеранның Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді» / Reuters

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Лариджани дүйсенбі күні Тегеранның Вашингтонмен келіссөздерді қайта бастауға тырысып жатқаны туралы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтып, Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

Лариджани «X»платформасында Иранның АҚШ-пен келіссөз бастау үшін жаңа қадам басып жатқаны жөніндегі ақпаратқа жауап берді.

«Әл Жазира» телеарнасының «The Wall Street Journal» басылымына сілтеме жасап, «Лариджани Оман арқылы Вашингтонмен келіссөздерді қайта бастауға тырысты» деген ақпаратқа ол: «АҚШ-пен келіссөз жүргізбейміз», - деді.

Лариджани басқа жазбасында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран туралы айтқан сөздеріне жауап берді.

Ол Трампты «бос қиялмен аймақты хаосқа итермелеп отыр» деп айыптап, «Ол қазір америкалық сарбаздардың шығынға ұшырауына алаңдап отыр. Өз сандырағымен «Алдымен Америка» деген ұранды «Алдымен Израиль» деп өзгертіп, Израильдің билікқұмарлығы үшін америкалық әскерлерді құрбан етті».

Сонымен қатар Лариджани Трампты «Өтіріктерімен америкалық сарбаздар мен олардың отбасыларын ауыр зардап шегуге мәжбүрлеп отыр» деп айыптады.

Сенбі күні басталған АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери операциясы барысында Иранның бірнеше жоғары лауазымды тұлғасы және рухани жетекшісі Әли Хаменеидің де қаза тапқаны хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Тегеран бұған жауап ретінде Парсы шығанағы елдеріне ұшқышсыз әуе аппараттары және зымырандармен соққы жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды

Шабуыл салдарынан үш америкалық әскери қызметкер қаза тауып, бес сарбаз ауыр жараланған.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты