ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Қытай сауда шиеленістері аясында АҚШ-тың ауыл шаруашылық тауарларына тарифтер енгізді
Қытай АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдеріне, оның ішінде тауық еті мен шошқа етіне қарсы салық енгізіп, 15 америкалық компанияны сенімсіз компаниялар тізіміне алды.
Қытай сауда шиеленістері аясында АҚШ-тың ауыл шаруашылық тауарларына тарифтер енгізді
/ MAXAR TECHNOLOGIES VIA GOOGLE/ Handout via Reuters
 

Қытай сейсенбі күні Америк Құрама Штаттарынаннан әкелінетін негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне, соның ішінде тауық еті, шошқа еті, соя және сиыр етіне 15 пайызға дейін қосымша салық енгізетінін жариялады.

Сауда министрлігі жариялаған бұл тарифтер 10 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл салық бұйрығы АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдан әкелінетін өнімдерге салықты 20 пайызға дейін көтеру туралы бұйрығынан кейін жарияланды. 

АҚШ-тан әкелінетін тауық еті, бидай, жүгері және мақтаға қосымша 15 пайыздық тариф енгізіледі. Ал құмай жүгері, соя, шошқа еті, сиыр еті, теңіз өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдеріне тариф 10 пайызға көтеріледі.

Сейсенбі күні Қытай АҚШ-тың 15 компаниясын сенімсіз компаниялар тізіміне енгізді. Бұл олардың Қытаймен  импорт-экспорт жасауына және елде жаңа инвестициялар салуға шектеу қоюы мүмкін.

«Қытай ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қауіп төндіретін 15 АҚШ компаниясын экспорттық бақылау тізіміне қосу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар оларға қос мақсаттағы тауарларды экспорттауға тыйым салады», – деп мәлімдеді Қытай Сауда министрлігі.

Қытай қаңтар айында АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібіне берілетін субсидияларға тергеу жүргізетінін мәлімдеген болатын. Бұл Қытайдың жетілген чип өндірушілеріне зиян келтіреді деген  мәселе туындатты.

Тайваньның АҚШ-қа 100 миллиард долларлық чип инвестициясы

Президент Дональд Трамп дүйсенбі күні тайваньдық чип өндіруші «TSMC» компаниясы АҚШ-та «заманауи» өндіріс орындарын салу үшін кемінде 100 миллиард долларлық инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл оның қызметке қайта оралғаннан кейінгі жеке компаниялардан алған ең ірі қаржылық міндеттемелерден бірі болды.

Трамп Ақ Үйдегі іс-шара барысында «TSMC» Бас директоры С.С. Вэймен бірге «Тайвань жартылай өткізгіштерді өндіру компаниясының жаңа инвестициялары бұрынғы міндеттемелеріне қосымша бес заманауи өндіріс орнын салуға жұмсалады»,- деп мәлімдеді.

Ол қаржының көп бөлігі «TSMC» қазірдің өзінде көп инвестиция салған Аризона штатында жұмсалатынын және бұл мыңдаған жоғары жалақы төленетін жұмыс орнын құратынын айтты.

«TSMC» компаниясы ұзақ уақыт бойы Тайваньнан көбірек өндіріс көшіру туралы талаптармен бет-бет. Өйткені Бейжіңмен кез келген қақтығыс кезінде маңызды технологияларды жеткізу үзілуі мүмкін деген қауіп бар.

Компания бұрынғы президент Джо Байден Үкіметі кезінде Аризонада үш зауыт салуға және $65 миллиардтан астам инвестиция салуға уәде берген болатын. Олардың бірінің өндірісі 2024 жылдың соңында басталды.

Трамп жақында «TSMC» және басқа чип өндірушілерге қысымды күшейтіп, АҚШ-тан тыс жерде өндірілген барлық жартылай өткізгіш чиптерге 25 пайыздық тариф енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»