ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 минут оқылды
Трамптың бомбалауды тоқтату үндеуінен кейін Израиль Газада 118 палестиналықты өлтірді
Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі соңғы төрт күн ішінде Израильдің халық тығыз қоныстанған аймақтарға 230-дан астам әуе және артиллериялық соққы жасағанын хабарлады.
Трамптың бомбалауды тоқтату үндеуінен кейін Израиль Газада 118 палестиналықты өлтірді
Израиль Газада 118 палестиналықты өлтірді / AA
8 Қазан 2025

Израиль армиясы соңғы төрт күн ішінде қоршаудағы Газада 118 палестиналықты өлтірді. Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі бұл шабуылдардың АҚШ президенті Дональд Трамптың бомбалауды тоқтату үндеуіне қарамастан жасалғанын мәлімдеді.

БАҚ кеңсесінің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Израиль армиясы президент Дональд Трамптың атысты тоқтату үндеуін елемей, палестиналықтарға қарсы шабуылдарын жалғастыруда», - деді.

Мәлімдемеде «4 қазан сенбі таңынан 7 қазан сейсенбі күніне дейін Израиль Газаның халық тығыз орналасқан және босқындар паналаған аудандарына 230-дан астам әуе және артиллериялық соққы берді», - делінген.

Шабуыл салдарынан қаза тапқан 118 бейбіт тұрғынның арасында әйелдер мен балалар да бар.  Газа қаласының өзінде 72 адам қаза тапқан.

Мәлімдемеде шабуылдарға толықтай Израиль жауапты екені айтылып, АҚШ әкімшілігі мен халықаралық қауымдастыққа шабуылды дереу тоқтатып, шынайы және тұрақты бітім орнату үшін нақты әрі жедел шара қабылдауға үндеу жасалды.

Бейбіт келіссөздер

Дональд Трамп сенбі күні палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС 20 тармақтан тұратын бітім ұсынысына оң жауап бергеннен кейін, Израильге Газаға бағытталған шабуылды дереу тоқтату жөнінде үндеу жасаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті

Трамп жексенбі күні «Truth Social» платформасында жариялаған жазбасында демалыс күндері өткен бітім келіссөздерінің «нәтижелі» өткенін және ілгерілеушілік бар екенін хабарлады.

Израиль мен ХАМАС дүйсенбі күні Мысыр мен Катардың араағайындығымен Қызылтеңіз жағалауындағы демалыс аймағы Шарм-эль-Шейхте жанама келіссөздерді қайта бастады.

Мысыр Сыртқы істер министрі Бедр Абдулати сейсенбі күнгі мәлімдемесінде бұл келіссөздердің тұтқын алмасуына қолайлы жағдай жасау және Газаға гуманитарлық көмектің жеткізуді көздейтінін айтты.
Абдулати сондай-ақ Израиль армиясының орналасуына қатысты келісім жоспарланып отырғанын атап өтті.

Соңғы деректерге сәйкес Израиль бүгінге дейін Газада 67 100-ден астам палестиналықты өлтірді. Араларында әйелдер мен балалар да бар.
Сондай-ақ қоршаудағы аймақтың басым бөлігі қиратылып, халық босқынға айналды.