ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Украинаның 150 ұшқышсыз әуе аппаратын тойтарғанын хабарлады
Ресей шенеуніктері соңғы уақыттағы ең ұзаққа созылған ұшқышсыз әуе аппараттары шабуылы кезінде Қырымда бір баланың жараланғанын хабарлады. Шабуылдар Ресей-Украина соғысын тоқтатуға бағытталған Женевадағы дипломатиялық келіссөздер қарсаңында болды.
Ресей Украинаның 150 ұшқышсыз әуе аппаратын тойтарғанын хабарлады
Ресей Украинаның 150 ұшқышсыз әуе аппаратын тойтарғанын хабарлады / Reuters

Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні мемлекеттік БАҚ-қа берген мәлімдемесінде Киев Женева келіссөзі алдында шабуылдарын күшейткенін айтып, Ресей түн ішінде 150-ден астам Украинаның ұшқышсыз әуе аппаратын тойтарғанын хабарлады.

Министрлік «Түні бойы әуе қорғанысы күштері Ресей аумағында, сондай-ақ Қаратеңіз бен Азов теңізі үстінде Украинаға тиесілі 151 ұшқышсыз әуе аппаратын жойды», - деп мәлімдеді.

Ресей аннексиялаған Қырымдағы Севастополь қаласының губернаторы Михаил Развожаев бұл шабуылдардың соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың бірі болғанын айтып, ондаған әуе аппаратының атып түсірілгенін жеткізді.

Развожаев «Telegram»-дағы жазбасында «Өкінішке қарай, жараланғандар бар. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, бір бала жараланды», - деді.

Ақ Үйдің арағайындығымен бұған дейін екі рет өткен келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болмаған. Тараптар сейсенбі күні АҚШ қолдауымен жаңа дипломатиялық келіссөз кезеңін бастайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Женевада Ресей–Украина келіссөздері өтуде

Ресей Украинаның шамамен бестен бір бөлігін бақылауда ұстап отыр, алайда Киев соңғы уақытта майдан шебінде белгілі ілгерілеуге қол жеткізді.

«AFP» агенттігінің Соғыс зерттеулері институтының деректеріне жасаған талдауына сәйкес, Украина сәрсенбі мен жексенбі аралығында 201 шаршы шақырым аумақты қайта бақылауына алған.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты