ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Нигерияда аштық рекордтық деңгейге жетті
2026 жылы шамамен 35 миллион адам аш қалуы мүмкін.
Нигерияда аштық рекордтық деңгейге жетті
Борно, Адамава және Йобе штаттарында ауыр азық-түлік жетіспеушілігі. / Reuters
 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық азық-түлік бағдарламасы (WFP) Нигерияның солтүстігінде аштық рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеп, агенттіктің желтоқсан айында ресурстары таусылатындықтан 2026 жылы шамамен 35 миллион адамның аш қалуы мүмкін екенін ескертті.

WFP сейсенбі күнгі мәлімдемесінде бұл болжамның Сахель мен Батыс Африкадағы өткір азық-түлік және тамақтану қауіпсіздігіне жүргізілген талдауды қамтитын соңғы “Cadre Harmonise” есебіне негізделгенін, әрі мониторинг басталғалы Нигерияда тіркелген ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

Эль-Каидаға жақын топтар мен ISWAP (Батыс Африкадағы ДАИШ тармағы) сияқты қарулы ұйымдардың шабуылдарының күшеюіне байланысты елде 2025 жылы зорлық-зомбылық айтарлықтай артқан.

WFP Нигериядағы елдік директоры Дэвид Стивенсон: «Қарулы бүлікшілердің күшеюі елдің солтүстігіндегі тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіреді және оның әсері Нигериядан тысқа да жайылады. Қауымдастықтар қайталанатын шабуылдар мен экономикалық қысымның салдарынан қатты күйзеліске ұшырауда», - деді.

Балалар арасындағы дұрыс тамақтанбау деңгейі ең жоғары деңгейге жетті

Аштықтан ең көп зардап шеккендер — ауылдық өңірлердегі аграрлық қауымдастықтар. Борну, Адамава және Йобе штаттарында шамамен 6 миллион адам азық-түліктің ең төменгі күнделікті қажеттілігін де қанағаттандыра алмай отыр. Борну штатында 15 мың адамның ашаршылыққа ұқсас жағдайға тап болуы мүмкін екені айтылды. WFP Балалар арасындағы ауыр деңгейдегі жеткіліксіз тамақтану Борну, Сокото, Йобе және Замфара штаттарында ең жоғары екенін мәлімдеді.

Солтүстік-шығыста қазір шамамен бір миллион адам WFP көмегіне тәуелді. Алайда қаржы тапшылығы агенттікті шілде айында тамақтану бағдарламаларын қысқартуға мәжбүр етті және бұл 300 мыңнан астам балаға әсер етті.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»