САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Тегеран: “АҚШ өңірден кетпейінше тұрақты қауіпсіздік болмайды”
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади аймақтағы қауіпсіздікке АҚШ-тың өңірден кетуі және мемлекеттердің егемендігіне құрмет көрсету арқылы қол жеткізуге болатынын мәлімдеді.
Тегеран: “АҚШ өңірден кетпейінше тұрақты қауіпсіздік болмайды”
Казем Гарибабади Иран мемлекеттік телеарнасына мәлімдеме жасауда (МҰРАҒАТ)

Казем Гарибабади “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) Бахрейн астанасы Манамада өткізген әскери кездесуіне қатысты пікір білдірді.

Ол Бахрейнде өткен әскери жиын Парсы шығанағы үшін құқықтық және қауіпсіздік тәртібін қалыптастыра алмайтынын айтып,

«Аймақтың қауіпсіздігіне сыртқы араласудың тоқтатылуы, АҚШ-тың өңірден кетуі, мемлекеттердің егемендігіне құрмет көрсетілуі және жаңа геосаяси шындықтардың мойындалуы арқылы қол жеткізуге болады. Бұл Америка Құрама Штаттарының әскери қолшатырының аясында жүзеге аспайды»,- деді.

Гарибабади сондай-ақ Ормуз бұғазының мәртебесі мен тәртібі CENTCOM емес, Тегеран белгілейтін қағидалар негізінде айқындалуы тиіс екенін айтты.

Кеше CENTCOM Бахрейн Қорғаныс күштерінің ұйымдастыруымен Манама қаласында өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне арналған әскери кездесу өткенін хабарлаған болатын.

Кездесуге Мысыр, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йеменнің жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Жиында өңірдегі қазіргі қауіпсіздік ахуалы, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланғаны айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран 6 млрд долларлық активтер бойынша келіссөздерді қайта бастайды
Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды