САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды жоспарлауда
Шабуылдың мақсаты танкке қарсы шабуылдарды тоқтату және Хезболла қозғалысына қысым жасау екені айтылуда.
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды жоспарлауда
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды жоспарлауда / Reuters
 

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль зымыран шабуылдарының алдын алу үшін Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды жоспарлап отыр.

«Channel 12» арнасының хабарлауынша, билік Ливанда танкке қарсы тұрды деп күдік келтірілген кез келген аумақты екінші бұйрыққа дейін армияның бақылауына алу туралы бұйрық беруді жоспарлап отыр.

Арна «Израиль халыққа қауіп төндіретін барлық аймақты, әсіресе Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды мақсат етеді», - деп мәлімдеді. Алайда нақты қай ауылдар екені көрсетілмеді.

Израиль әскері 2024 жылдың қараша айында қабылданған бітімге қарамастан, Ливан аумағына әуе шабуылдарын арттырды.

Ливан билігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан кемінде 968 адам қаза тауып, 2 432 адам жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Израиль соғыс басталғалы 6 000-нан астам әуе соққысын жасады»

Қазіргі шиеленіс 28 ақпаннан бері шамамен 1 300 адамның өмірін қиған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен операциясынан кейін күшейе түсті.

Тегеран бұған жауап ретінде Израильмен қатар Иордания, Ирак және Парсы шығанағы елдеріне дрон және зымыранмен шабуыл жасады. Шабуылдардың АҚШ-тың әскери нысандарына бағытталғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»