ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украинада адам шығыны артуда
Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі күні ел аумағына жасалған Ресей шабуылдарынан кемінде 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Украинада адам шығыны артуда
Ресей соққысының салдары. Киев. / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі күні ел аумағына жасалған Ресей шабуылдарынан кемінде 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, солтүстіктегі Прилуки қаласында тұрғын үйдің қирауы салдарынан бес адам көз жұмған.

Төтенше жағдай қызметкерлері Чернигов облысындағы бес қабатты тұрғын үйдің үйінділерін тексеруде. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар.

Зеленский Днепр мен Кременчукте екі, Александрияда тағы екі адамның қаза тапқанын айтты.

Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, халық тығыз қоныстанған Дарницкий ауданында шыққан өрттен екі адам қаза тапты.

Чернигов облысының губернаторы Вячеслав Чаус Прилукидегі көпқабатты тұрғын үйге зымыран түсуі салдарынан кемінде бес адамның қаза тауып, 25 адамның жараланғанын хабарлады.

Полтава облысының губернаторы Виталий Дякивнич өз өңірінде екі адамның қаза тауып, жетеуінің жараланғанын мәлімдеді. Ал Днепропетровск облысының губернаторы Александр Ганжа өнеркәсіптік нысан, көпқабатты үйлер мен спорт клубына зақым келген шабуылдардан екі адамның жараланғанын айтты.

Запорожьеде облыс губернаторы Михаил Семикиннің мәліметінше, көлік инфрақұрылымы нысанына соққы жасалды.

Зеленский энергетикалық инфрақұрылым негізгі нысаналардың қатарында болғанын айтып, Ресейдің «Шахед» ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қатар 70 зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Оның басым бөлігі баллистикалық зымырандар болған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»

Мәскеу Украинаға қарымты шабуыл жасалғанын хабарлады

Ресей Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні өз күштерінің Киев пен басқа да бірқатар өңірдегі Украинаның әскери-өнеркәсіптік нысандарына «ауқымды шабуыл» жасағанын мәлімдеді.

Министрлік сондай-ақ Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері 16 өңірде, Қаратеңіз бен Азов теңізінде, сондай-ақ Ресей аннексиялаған Украинаның Қырым түбегінде 311 украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті