Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны 2 677-ге жетті

АҚШ-та орналасқан «HRANA» адам құқықтарын қорғау ұйымының мәліметінше, наразылық шерулерінде кемінде 19 907 адам қамауға алынған.

By
Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны 2 677-ге жетті / Reuters

Адам құқықтарын қорғау ұйымы бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны 2 677-ге жеткенін хабарлады. «HRANA»-ның айтуынша, экономикалық жағдайлар түрткі болған наразылық шерулерінде 19 097 адам қамауға алынған.

Иран билігі қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы саны туралы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Наразылықтар 28 желтоқсанда ел астанасы Тегеранда басталды. Инфляция, риалдың құнсыздануы және экономикалық жағдайдың нашарлауына наразылық білдірген қолөнершілер, саудагерлер және шағын бизнес иелері ереуіл мен шерулер ұйымдастырды.

Көптеген қалада шерулер ұйымдастырылып, жұмысшылар, студенттер және қоғамның өзге де топтары үкіметке қарсы шықты.