ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
Израильдің әуе шабуылдары Ливанның оңтүстігі мен солтүстігінде тұрғын үй мен екі көлікті нысанаға алды.
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
Бейруттың оңтүстік маңында Израиль соққысынан кейін түтін көтерілуде. 2026 ж 5 наурыз. / Reuters

Ливан билігі мен жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бейсенбі таңынан бері Израиль жасаған әуе шабуылдары салдарынан елде кемінде 12 адам қаза тапты. Шабуылдар елдің оңтүстігі мен солтүстігінде екі көлік пен тұрғын үйге бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі Ливанның шығысындағы Захле ауданында бір көлікке жасалған Израиль дрон шабуылы салдарынан екі адамның қаза тауып, тағы екі адамның жараланғанын хабарлады.

Мемлекеттік “NNA” ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израильге тиесілі дрон Ливанның оңтүстігіндегі Тири ауданындағы Калайла елді мекені маңындағы Тири–Накура жолында бір көлікке соққы беріп, үш адамның өліміне себеп болды.

Израильдің тағы бір әуе шабуылы таңсәріде оңтүстіктегі Набатие ауданындағы Кфур ауылындағы бір үйге жасалған. Бұл шабуылда ауылдың мэрі мен оның жұбайы қаза тапқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді

Агенттік құтқару топтары қаза тапқандардың денелерін үйінділердің астынан шығару үшін жұмыс істеп жатқанын да хабарлады.

“NNA” тағы бір Израиль шабуылы Триполидің солтүстігіндегі Беддави босқындар лагерінде болып, онда ХАМАС мүшесі мен оның жұбайы қаза тапқанын мәлімдеді.

Ливандағы жағдай дүйсенбі күні «Хезболланың» Израильдің жалғасып жатқан әуе шабуылдарына және АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде Иранның діни жетекшісі Әли Хаменейдің қаза табуына жауап ретінде солтүстік Израильдегі бір әскери нысанды зымырандар мен дрондармен нысанаға алуынан кейін ушыға түсті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр