САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға қысымды арттыру үшін Иран порттарындағы теңіз блокадасын жалғастыруды жөн көретінін мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр? / Reuters
 

Жексенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, Иран Ормуз бұғазын қайта ашуды және соғысты тоқтатуды, ал ядролық келіссөздерді кейінге қалдыруды ұсынған.

«Axios» жаңалықтар сайтының хабарлауынша, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық тығырықтан кейін бұл ұсыныс Пәкістан сияқты делдалдар арқылы АҚШ-қа жеткізілген. Дереккөздердің айтуынша, жоспар уран байыту бойынша келіспеушіліктерді жиып қойып, блокаданы алып тастауға және теңіз қатынасын қалпына келтіруге бағытталған келісімді тез жасауды көздейді.

Ұсынысқа сәйкес, атысты тоқтату режимі ұзақ мерзімге созылады немесе тұрақты сипатқа ие болады. Ал ядролық келіссөздер бұғаз ашылып, шектеулер жойылғаннан кейін ғана басталады.

АҚШ-тың бір ресми тұлғасы мен келіссөзден хабары бар дереккөздер Ақ Үйдің бұл ұсынысты алғанын, бірақ оны қабылдап-қабылдамау туралы әлі ешқандай белгі бермегенін айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, қазіргі тығырық пен алдағы қадамдарды талқылайды деп жоспарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті

Трамп Иран порттарына теңіз блокадасын жалғастыруды қалайтынын білдірді. «Егер сізде үлкен көлемде мұнай болса және бұл жол жабылса, ол іштей жарылады», — деген Трамп Иранның ішкі қысымға төтеп беру үшін «шамамен үш күні» ғана қалғанын меңзеді.

Демалыс күндері дипломатиялық күш-жігер күшейе түсті. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұғаз мәселесі бойынша Пәкістанның Исламабад және Оманның Маскат қалаларында кездесу өткізді. Аракчи дүйсенбі күні таңертең Ресей президенті Владимир Путинмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен келіссөз жүргізу үшін Санкт-Петербургке барды.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»