Түркия Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына алаңдаулы
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран мен Ливан мәселесіне назар аударды.
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иранда азаматтық соғысты қоздыруды және этникалық немесе діни негізде қақтығыстарды ушықтыруды көздейтін кез келген жоспарға Анкараның қарсы екенін білдірді.
Фидан бұл мәлімдемені бейсенбі күні Анкарада Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульмен кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында жасады.
Ливандағы қақтығыстың ушығуы туралы ескерту
Фидан сондай-ақ Израильдің Ливанды үздіксіз бомбалауын сынға алып, бұл шабуылдар елді күйреуге итермелеу қаупін тудыратынын мәлімдеді.
Ол Нетаньяху басқаратын Израиль үкіметін бүкіл өңірдегі тұрақсыздықты күшейтті деп айыптады.
«Израильдің шабуылдары Ливан мемлекеті күйремей тұрып тоқтатылуы тиіс», — деді ол және мұның бүкіл Таяу Шығыс үшін, әсіресе көрші елдер үшін ауыр салдары болатынын ескертті.
Сондай-ақ министр қақтығыс салдарынан болған жаппай қоныс аударуды айыптады.