ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия соты негізгі оппозициялық партияға қарсы сотты кейінге қалдырды
Республика Халық Партиясының қазіргі басшылығының заңдылығын тексеретін сот ісі қазанның 24-іне белгіленді.
Түркия соты негізгі оппозициялық партияға қарсы сотты кейінге қалдырды
/ Anadolu Agency
 

Түркияның 42-ші соты елдің басты оппозициялық партиясына қатысты істі 24 қазанға шегерді.

Дүйсенбі күні кейінге қалдырылған бұл іс 2023 жылдың қараша айында өткен Республика Халық Партиясының 38-ші кезекті съезінің заңдылығын зерттеуде. Сол құрылтайда Өзгүр Өзел партия төрағасы болып сайланып, бұрынғы төраға Кемал Кылычдароғлуның орнын алмастырған болатын.

Бұл сот ісін бұрынғы Хатай қаласының мэрі Лютфү Саваш және партияның бірнеше делегаты қозғаған. Олар сайлау барысында процедуралық бұзушылық пен дауыс сатып алу әрекеттері болғанын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, Өзелдің айналасындағы жақын топ делегаттарға ақша және басқа да ынталандырулар ұсынып, олардың дауыстарын сатып алуға тырысқан.

Егер сот құрылтайды жарамсыз деп тапса, бұл шешім қазіргі басшылықтың қызметтен кетуіне әкеледі. Сонымен қатар Кылычдароғлу және бұрын сайланған Партия мәжілісінің мүшелері өз орындарына қайта оралуы мүмкін.

Азаматтық және қылмыстық істер

Анкара Бас прокуратурасы бұрынғы Стамбул мэрі Экрем Имамоғлу және тағы 11 адамның делегаттарға ақша, ұялы телефон мен пәтер ұсынғаны туралы қылмыстық тергеуді аяқтады.

Прокурорлар айыпталушыларды «дауысқа ықпал ету» бойынша айыптап, олар үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрауда.

Өзел де жанама түрде бұл іске қатысы бар деп саналады, себебі талапкерлер оның басшылығы кезінде дауыс сатып алу және процедуралық бұзушылықтарға жол беріп, құрылтай нәтижелеріне әсер еткенін алға тартады.

Іздеу
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда