ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“TEKNOFEST” Стамбулда басталды
Әлемдегі ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивальдерінің бірі “TEKNOFEST” бүгін басталды.
“TEKNOFEST” Стамбулда басталды
/ AA

Түркияның жетекші технологиялық шарасы “TEKNOFEST”  сәрсенбі күні Стамбулда басталды.

Стамбул Ататүрік әуежайында бес күнге созылатын бұл шара Түрік Технология Қоры (T3) мен Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде.

2018 жылдан бері ондаған мемлекеттік мекеменің, жеке сектор серіктестерінің және университеттердің қолдауымен жүзеге асып келе жатқан “TEKNOFEST”  жыл сайын жаңа байқау санаттарымен ерекшеленеді.

Биыл фестиваль аясында 58 негізгі шара және 137 қосымша санат қамтылған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар білімі мен тәжірибесін көрсетіп, технологияны дамытуға үлес қосуда.

Тек технологиялық байқаулар ғана емес, сонымен қатар қызықты іс-шаралар да ұсынылатын “TEKNOFEST”  жексенбіге дейін жалғасады.

Фестиваль аясында көз тартар әуе көрсетілімдері, түрлі көрмелер мен шеберлік сабақтары, ерекше симуляция аймақтары, планетарий, сауда жәрмеңкесі және студенттерге арналған арнайы ұшу бағдарламалары өтеді.

Бұл шара жұп жылдары Түркияның әртүрлі қалаларында, ал тақ жылдары Стамбулда ұйымдастырылады.

Фестиваль бұған дейін Әзербайжан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасында да ұйымдастырылған.

“TEKNOFEST” -тің теңізге қатысты нұсқасы “Mavi Vatan” өткен айда Стамбулда өткен болатын.

Өткен жылы Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласында ұйымдастырылған шараға болса шамамен 1,1 миллион конақ келді.

Бүгінге дейін “TEKNOFEST”-ті жалпы шамамен 11 миллион адам тамашалады.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады