ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ауғанстанның Кунар уәлаятында жер сілкінісі болды
Билік өкілдері орталық пен көршілес аймақтардан Кунар уәлаятына көмек топтарының жіберілгенін, жергілікті билік өкілдері мен халықтың құтқару жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын хабарлады.
Ауғанстанның Кунар уәлаятында жер сілкінісі болды
/ X
 

Жексенбі түні Ауғанстанның шығысында болған 6,0 балдық жер сілкінісінде 250-ден астам адам қаза тауып, 500 адам жараланды. Бұл туралы Ауғанстанның Ақпарат министрлігі Анадолы агенттігіне хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің Гринвич уақытымен 19:17-де Жалалабад қаласының шығысынан 27 шақырым жерде, 8 шақырым тереңдікте болғанын мәлімдеді.

Министрлік өкілі Анадолы агенттігіне Кунар уәлаятының Нұргүл, Савки, Уатапур, Маноги және Чапа Дара аудандарында адам шығыны болғанын айтты.

Өкілдің айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны әзірге белгісіз, себебі алыс аудандардағы халықпен байланыс орнату жалғасып жатыр және көмек топтары жолда.

Сондай-ақ ол Савки ауданындағы Дева Гүл мен Нұргүл ауданындағы Мазар Дараға апаратын жолдардың көшкін салдарынан жабылғанын, құтқару топтарының зардап шеккен аймақтарға жетуде қиындықтарға тап болып отырғанын мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар бұл жер сілкінісін елді шайқаған ең күшті зілзалалардың бірі деп бағалады.

Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мүжахид жер сілкінісінен адам шығыны болғанын растады.

Мүжахид «X» платформасында: «Өкінішке қарай, түнде болған жер сілкінісі шығыстағы уәлаяттардың кейбірінде адам шығынына және материалдық залалға себеп болды», – деп жазды. Ол жергілікті билік пен халықтың құтқару жұмыстарына қатысып жатқанын, орталық пен көршілес аймақтардан көмек топтарының Кунар уәлаятына бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ хатшы: «Адам өмірін құтқару үшін барлық мүмкіндіктер қолданылады», – деді.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, ірі жер сілкінісінен кейін ауданда 5,2 балдық кемінде екі қосымша жер сілкінісі тіркелген.

Іздеу
Газада менингит ауруы көбейді
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Германиядағы Мёльн трагедиясында қаза тапқан 3 түрік азаматы еске алынды
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Украина Ливия жағалауында Ресейдің екі кемесіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»