Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті

Қаңтардан қазан айына дейін Түркияның жалпы экспортында қорғаныс және авиация секторының үлесі 3,5 пайызға дейін өсті.

By
Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті

2025 жылдың алғашқы 10 айында Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібі экспорты өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға өсіп, 6,7 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Халук Гөргүн хабарлады.

Халук Гөргүн “Осы өсімнің арқасында Түркияның жалпы экспортындағы қорғаныс және авиация секторының үлесі 3,5 пайызға дейін артты”, деді.

"Біздің сектордағы бұл тұрақты экспорттық табыс – әлем бойынша жүргізіп жатқан қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығының нәтижесі.

Біз бұл күш-жігерімізді табандылықпен жалғастырудамыз." деді ол.

Жылдың алғашқы 10 айында Түркияның жалпы экспорты 224,6 миллиард долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті.