ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
Екі елдің лауазымды тұлғалары өңірлік және жаһандық мәселелер төңірегінде пікір алмасып, Түркия-Словения стратегиялық серіктестігін тереңдете түсу үшін жаңа іс-қимыл жоспарын талқылады.
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады / Others

Словения мен Түркия жұма күні екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға деген міндеттемені растады.

Словения Сыртқы істер министрі Тоне Кайзер Хорватияда ұйымдастырылған Дубровник форумы аясында Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Мехмет Кемал Бозаймен кездесті.

Словения Сыртқы істер министрлігі өзінің “Х” парақшасында жариялаған мәлімдемесінде «Тараптар Түркия-Словения стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында жаңа іс-қимыл жоспарын дайындауға мүдделі екендерін білдірді», — деді.

Кайзер мен Бозай бұған қоса өзекті сыртқы саясат мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Словения Сыртқы істер министрі: «Диалог, ынтымақтастық пен дипломатия қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің жалғыз құралы болып қала береді», — деп атап өтті.

2011 жылы сол кездегі Словения премьер-министрі Борут Пахордың сапары барысында Түркия мен Словения арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған болатын.

Бұл құрылымдық негіз саяси диалогты, экономикалық ықпалдастықты және халықтар арасындағы байланыстарды күшейтті.

Аталған келісім 2024 жылы 2024–2026 жылдар кезеңін қамтитын жаңа іс-қимыл жоспарымен ұзартылып, екі тарап та 2026 жылдың наурыз айында келісімнің 15 жылдығын бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді негізге алған бірлескен мәлімдемелермен атап өткен еді.

Іздеу
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»