Ливия Ұлттық армиясының бас қолбасшысы, маршал Халифа Хафтармен Анкарада өткен кездесуге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Бас штаб бастығы Селчук Байрактароглу және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын қатысты.
Ливия делегациясының құрамында Хафтармен қатар Ливия Ұлттық армиясы бас қолбасшысының орынбасары, армия генералы Саддам Хафтар, Ливия Ұлттық армиясының Бас штаб бастығы Халид Хафтар және Ливияның Даму және қайта құру қорының төрағасы Билкасым Хафтар бар.













