BBC-дің орысша редакциясы Беларусьтік «Cyber Partisans BY» және Украинаның «Silent Crow» топтары жасаған кибершабуылдан кейін 2021 жылдан 2026 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде тіркелген 11 миллионнан астам өлім туралы дерекке қол жеткізді.
Ресейдің Федералдық статистика қызметінің мәліметтерін өз деректерімен біріктіріп, талдау жүргізген BBC-дің орысша редакциясының хабарлауынша, 2022 жылдан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін 490 мың 334 ресейлік сарбаз қаза тапқан.
Росстат кибершабуыл жасалғанын растағанымен, қорғауға алынған ақпараттың таралмағанын мәлімдеді.
5 мыңнан астам шетелдік әскери қызметкер қаза тапқан
Талдау нәтижесінде Ресей шебінде соғысқан 5 мың 17 шетелдік әскери қызметкердің де қаза тапқаны айтылды.
BBC-дің хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский 2026 жылдың шілдесінде жасаған мәлімдемесінде соғыста қаза тапқан украиналық сарбаздардың саны 50 мыңға жуық екенін айтқан.
Алайда «UA Losses» интернет-сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш 115 мыңға жуық.













