ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Францияда құс тұмауы өршіді
Франция билігі соңғы үш жылдағы ең ерте маусымдық індеттің басталуына байланысты үй құстарын қорғау мақсатында барлық құс фермаларында құстарды жабық орындарда ұстау туралы бұйрық берді.
Францияда құс тұмауы өршіді
H5N1 құс тұмауы вирусы «құс тұмауы» деген атпен де белгілі. / Сурет: AP мұрағаты / AP

Франция құс тұмауына байланысты дабыл деңгейін “ортадан” “жоғарыға” көтерді және Еуропада аурудың маусымдық түрде қайта тарала бастауына орай ел аумағындағы барлық құс фермаларында құстарды қора ішінде ұстауға бұйрық берді.

Көпшілікке “құс тұмауы” деген атпен белгілі жоғары патогенді құс тұмауы — қоныс аударатын құстар арқылы таралатын маусымдық ауру. Соңғы жылдары бұл індет әлем бойынша ондаған миллион үй құсының жойылуына әкеліп, өндіріс процесін тежеп, адамдарға жұғу қаупіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми газетте жариялаған мәлімдемесінде былай деп хабарлады: “Бұл жарлық Францияны қоса алғанда Еуропадағы жабайы қоныс аударатын құстарда инфекция белгілерінің анықталуы мен құс фермаларында бірнеше індеттің расталуынан кейін шығарылды.”

Министрліктің жарлығына сәйкес, қазіргі уақытта екі ірі құс фермасында және үш шағын отбасылық шаруашылықта құс тұмауының ошақтары тіркелген. Алғашқы жағдай қазан айының ортасында елдің солтүстігіндегі қырғауыл мен кекілік өсіретін фермада анықталған.

Дабыл деңгейін көтеру туралы шешім сәрсенбі күні күшіне енеді. Тәуекел деңгейінің көтерілуі биыл әдеттегіден ертерек енгізілді. Өткен жылы бұл өзгеріс қарашада, 2023 жылы желтоқсанда енгізілсе, биыл қазан айында іске қосылып отыр.

Іздеу
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Бангладеште қызылша белгілері байқалған 1097 бала қайтыс болды
ДДСҰ: «2024 жылы Африкада 350 мың әйел қатерлі ісіктен көз жұмды»
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
ДДСҰ Ресейден оба ауруы туралы ашық болуды сұрайды
Оба дегеніміз не және ол қаншалықты қауіпті?
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Немрут тауына келушілер көбейді
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Мәдениет министрі Ерсой АҚШ елшісін қабылдады
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Балаларға қол көтермеңіз! Физикалық жазаның әсері зерттелді