ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды.
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды. / AA

Түркия дүйсенбі күні қуғын- сүргінгі ұшыраған Қырым татарлары мен черкестерді еске алу күніне  арналған мәлімдемесінде екі оқиғаны да ірі гуманитарлық трагедия деп атады.

Сыртқы істер министрлігі 1944 жылғы Қырым татарларының жер аударуының 82 жылдығына және черкес халқының жер аударуының 162 жылдығына орай мәлімдеме жариялап, жүздеген мың Қырым татарының туған жерінен күштеп түрлі елдегі еңбек лагерьлеріне жіберілгенін және олардың көпшілігі ауыр жағдайларда қаза тапқанын мәлімдеді.

Министрлік Қырымның байырғы халқы саналатын Қырым татарларының ұзақ жылдар бойы Қырым түбегіне оралуына кедергі келтірілгенін еске салды.

Сонымен қатар министрлік Қырым татарлары көрген азаптың «түбектің заңсыз аннексиясынан» кейін одан әрі күшейгені атап өтті.

Министрлік: «Түркия Қырым татарларының ұлттық болмысы, тілі мен мәдениетін сақтау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы қолдауын жалғастырады», - деп мәлімдеді.

Министрлік 1864 жылғы черкес халқының жер аударылуына тоқталып, оны Кавказ халықтарын өте ауыр жағдайларда туған жерінен кетуге мәжбүр еткен, үлкен қайғы мен адам шығынына әкелген «ірі гуманитарлық трагедия» деп атады.

«Қырым татарлары мен Кавказдың бауырлас халықтарының қайғысына ортақпыз, қаза тапқандарды құрметпен еске аламыз», - деп қосты министрлік.

Іздеу
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”