ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Үшжақты кездесу туралы Мәскеуден жаңа мәлімдеме
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Киевтің Мәскеудің ұсынысына әлі жауап бермегенін айтты.
Үшжақты кездесу туралы Мәскеуден жаңа мәлімдеме
/ Reuters

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесу өткізуі мүмкін екенін, алайда Киевтің Мәскеудің ұсынысына әлі жауап бермегенін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Ресейдің АҚШ және Украинамен үшжақты саммиттің жүзеге асуын күтпейтінін, бірақ Мәскеу мен Вашингтонның биылғы жылдың ішінде екіжақты келіссөз өткізуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресейдің ресми ақпарат агенттігі ТАСС-қа берген сұхбатында Рябков Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы барысында жүздесуі мүмкін екенін айтты.

Рябков: «Кездесуді ұйымдастыру процесі әлі талқылану үстінде. Мұндай кездесу өту ықтималдығы жоғары деп есептеймін», – деді.

Сондай-ақ ол Киевтің шілде айында Стамбулда өткен Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші кезеңінде ұсынылған үшжақты форматқа әлі күнге дейін жауап бермегенін қосты.

Болашақта дипломатиялық дауларды шешуге бағытталған Ресей мен АҚШ арасындағы ықтимал консультациялар жайлы сөз қозғаған Рябков бұл процестің бірнеше мәрте кейінге қалдырылғанын, бірақ мұның тек логистикалық себептерге байланысты еместігін атап өтті.

Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары: «Орнымызда тұрып қалмай, нақты ілгерілеуге қол жеткізгіміз келеді», – деп, Мәскеудің мұндай келіссөздерді «күздің соңына дейін» өткізуді үміт ететінін жеткізді.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр