ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу аймақтағы түрік иелігіндегі 15 кеменің біріне Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат берілгенін және кемелерде жалпы саны 171 қызметкер бар екенін мәлімдеді.
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті / AA

Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Иран маңында күтіп тұрған бір түрік кемесінің Тегераннан рұқсат алынғаннан кейін Ормуз бұғазынан өтуіне жол берілгенін айтты.

Министр Уралоғлу бейсенбі күні баспасөзге берген және жұма күні жарияланған мәлімдемесінде Анкараның Ормуз бұғазы үшін ең жоғары қауіпсіздік дабылын жариялағанын және аймақта қалған 14 түрік кемесінің жағдайына байланысты Иран билігімен байланыста екенін жеткізді.

Уралоғлу «Ормуз бұғазында 15 кемеміз болған еді, соның біреуін Иран портын қолданғаны үшін Иран билігінен рұқсат алып өткіздік. Иран тарапымен байланыс орнатуға тырысып жатырмыз. Қалған 14 кемеміз күтуде, қазіргі уақытта оларда ешқандай мәселе жоқ», — деді.

Министрлік бұғаздан өткен кеменің аты «Rozana» екенін жариялады. Мәлімдемеде аймақтағы түрік компанияларына тиесілі кемелерде жалпы саны 171 қызметкердің бар екені көрсетілген.

Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысы Иранның Ормуз бұғазын іс жүзінде жауып тастауына байланысты танкерлер мен басқа да кемелердің қамалып қалуына және жаһандық энергиямен қамтамасыз ету мәселесінде алаңдаушылықтың артуына әкелді.

Сонымен қатар Көлік және инфрақұрылым министрлігі «Tүрік әуе жолдарыı» (THY) мен «Ajet» әуе компанияларының Ирак, Сирия, Ливан, Иордания, Доха, Дубай, Абу-Даби, Кувейт, Бахрейн және Даммамға рейстерін 19 наурызға дейін, ал Иранға рейстерін 20 наурызға дейін тоқтатқанын хабарлады.

«Pegasus» әуе компаниясының Кувейт, Бахрейн, Доха, Амман, Бейрут, Ирак, Дубай, Абу-Даби және Шарджаға рейстерін 23 наурызға дейін, Иранға рейстерін 28 наурызға дейін тоқтатқаны білдірілді.

Министрлік «Түрік әуе жолдары» компаниясының Оманға қосымша рейстер ұйымдастырып жатқанын және 28 ақпанда басталған соғыстан бері 76 рейстің Түркияға бағытталғанын мәлімдеді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?