ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Солтүстік Корея Иранды қолдады
Пхеньян Израильдің Иран азаматтарын өлтіруін айыптап, Тель-Авивті "мемлекеттік қолдауға ие терроризм" жасады деп айыптады.
Солтүстік Корея Иранды қолдады
North Korea warns US and European powers against "fanning up the flames of war" in Middle East. / AP
19 Маусым 2025

Солтүстік Корея Израильдің Иранға жасаған әскери шабуылдарын "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атап, бұл жағдай Таяу Шығыста ауқымды соғыс қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Бейсенбі күні мемлекетік “KCNA” агенттігі таратқан мәлімдемеде Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі Пхеньянның Израильдің Ирандағы бейбіт тұрғындарға, ядролық және энергетикалық нысандарға жасаған әскери шабуылдарына "айрықша алаңдайтынын" айтып, бұл шабуылдарды "қатаң айыптайтынын" мәлімдеді.

Министрлік өкілі шабуыл барысында бейбіт тұрғындардың қаза табуын "адамзатқа қарсы кешірілмес қылмыс" деп атап, Тель-Авивті "мемлекеттік қолдауға ие терроризм" жүргізіп отыр деп айыптады. Сонымен қатар бұл әрекеттер аймақта "жаңа ауқымды соғыс" қаупін күшейтетінін жеткізді.

Солтүстік Корея АҚШ пен Еуропа елдерін бұл дағдарысқа араласпауға шақырды.

Министрлік өкілі: "Бүгінгі таңдағы күрделі ахуал АҚШ пен Батыс елдері тарапынан қолдау көріп отырған Израильдің Таяу Шығыстағы бейбітшілік үшін ісік тәрізді қауіп төндіретін құрылым екенін және жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті жоятын басты кінәлі екенін айқын дәлелдейді," – деді.

Ол сондай-ақ: "Халықаралық қауымдастық Иранның жәбірленуші ретінде заңды егемендік құқығы мен өзін-өзі қорғау құқығын қолдануын сынап, соғыс отын үрлей түскен АҚШ пен Батыс елдерінің әрекеттерін мұқият бақылап отыр," – деп қосты.

«Апат шегіне жету»

Солтүстік Кореяның бұл мәлімдемесі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты «шыдамымыз таусылды» деген сөзінен кейін жарияланды.

Солтүстік Корея Вашингтонды мұндай әрекеттерден бас тартуға шақырып, АҚШ пен оның одақтастарының әрекеттері «Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауға келмейтін апат кезеңіне итермелеп жатыр» деп ескертті.

Трамптың бұл мәлімдемесі Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы Әли Хаменейдің Трамптың «шартсыз берілу» талаптарын қабылдамай, АҚШ-ты араласқан жағдайда «түзетуге келмейтін зиян» жайында ескертуінен кейін айтылды.

Осы арада “The Wall Street Journal” басылымы Трамптың сейсенбі күні кеңесшілеріне Иранға қарсы әскери шабуыл жоспарларын мақұлдағанын, алайда Иран ядролық бағдарламасынан бас тартып тартпайтынын күтіп отырғанын хабарлады.

Іздеу
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Иран америкалық әскерлерді тұтқындағанын мәлімдеді
Иран басшысы берілмейтінін мәлімдеп, көрші елдерден кешірім сұрады
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады
Түркия Таяу Шығыстағы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қадам басуда
Харьковтегі тұрғын үйге жасалған Ресей шабуылынан бірнеше адам қаза тапты
Ираннан ескерту: АҚШ-Израиль соғысына араласқан Еуропа елдері «заңды нысанаға» айналады
Түркия Таяу Шығыстағы кейбір елдерге ұшу тыйымының мерзімін созды
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады