Франция Білім министрі Эдуар Геффре елде екі айдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан лицей оқушыларының наразылық акциялары кезінде 400-ден астам оқушының мектептен шығарылғанын мәлімдеді.
Эдуар Геффре Сенаттың Мәдениет, білім беру, коммуникация және спорт жөніндегі комиссиясында лицей оқушыларының наразылық акцияларына қатысты мәлімдеме жасады.
17 қыркүйекте басталған лицей оқушыларының наразылық акциялары кезіндегі зорлық-зомбылық оқиғаларына байланысты жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылданғанын атап өткен Геффре наразылық акциялары аясында 3 мың оқушыға қатысты тәртіптік іс жүргізілгенін еске салды.
Геффре 400-ден астам оқушының мектептен шығарылғанын, ал 500-ге жуық оқушы мен білім беру саласының 290 қызметкерінің жарақат алғанын айтты.
Сонымен қатар министр лицей оқушыларының басым көпшілігінің заңды талаптар қойғанын мәлімдеді.
Францияда лицей оқушылары 17 қыркүйектен бері білім алу жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылық акцияларын ұйымдастырып келеді.















